Басты бетАГРАРЛЫҚ ҚОЛХАТТАРДЫ IT-ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ҚОЛДАНУДЫ ДЕПУТАТТАР МЕН САРАПШЫЛАР ТАЛҚЫҒА САЛДЫ

АГРАРЛЫҚ ҚОЛХАТТАРДЫ IT-ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ҚОЛДАНУДЫ ДЕПУТАТТАР МЕН САРАПШЫЛАР ТАЛҚЫҒА САЛДЫ

АГРАРЛЫҚ ҚОЛХАТТАРДЫ IT-ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ҚОЛДАНУДЫ ДЕПУТАТТАР МЕН САРАПШЫЛАР ТАЛҚЫҒА САЛДЫ

2024 жылғы 4 мамырда Парламентаризм институтында Қазақстан Республикасының агроқұрылымдар қауымдастығы мен “Respublica" фракциясы өкілдерінің қатысуымен "Аграрлық қолхаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу шеңберінде жұмыс кеңесі өтті.

Жиынға Парламентаризм институтының атынан атқарушы директор Алмас Қанатов және Аграрлық мәселелер, экология және табиғатты қорғау заңнамасы орталығының басшысы Маржан Жиенбаева қатысты.

 Кеңес барысында еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласындағы өзекті мәселелер, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржы институттарымен шектелмей, қаржыландыру көздерін кеңейтуге мүмкіндік беретін заманауи IT-құралдарды қолдана отырып, аграрлық қолхаттарды енгізу талқыланды. Аграрлық қолхаттар үшін заңнамалық негіз құру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша уақтылы қолдау болып көрінеді.