ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының сараптамалық кеңесінің хатшысы Владимир Волков Сенаттың, Maksutbek Narikbayev Unoversity Қоғамдық жобалық кеңсесінің және Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен жұмысы шеңберінде БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары бойынша акселератордың «заңдардың сапасы» жобалық командасының құрамына кірді.
Жоба командасы 16 «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» тұрақты даму мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Жоба командасының жұмысына сенатор Мұрат Қадырбек жетекшілік етеді.
Іске қосуға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысқан акселератор ТДМ-ға қол жеткізуді жеделдетуге арналған өзара іс-қимылдың тиімді тетігі болып табылады. Оның аясында жеті жобалық-зерттеу тобы 100 күн бойы сенатор-кураторлармен бірге «Мықты денсаулық және игілік», «Сапалы білім», «Лайықты еңбек және экономикалық өсу», «Орнықты қалалар мен елдімекендер» және «Бейбітшілік, әділдік және тәртіп» сияқты орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында жұмыс істейді. Топтардың жұмысының нәтижесі Ақмола облысында пилоттық жобалар ретінде іске асырылатынын атап өткен жөн.
Мәулен Әшімбаев атап өткендей, сарапшылар командасы осындай форматта жұмыс істей отырып, заңнаманы жетілдіру үшін әлеуеті жоғары салалар мен Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы кедергілерді анықтай алады.
Аталған жобаға Владимир Волков 2023 жылдың 12 желтоқсанында өткен «заң шығару процесін жетілдіру» дөңгелек үстелінде әзірленген бірқатар ұсыныстар енгізді.
Атап айтқанда, олар «құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының атауын өзгертуге және мәртебесін арттыруға, Парламенттің заң жобаларын қарауды жоспарлаудың бірыңғай тәртібін әзірлеуге және т. б.