Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЛӘЗЗАТ СҮЛЕЙМЕН ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЛӘЗЗАТ СҮЛЕЙМЕН ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЛӘЗЗАТ СҮЛЕЙМЕН ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЛӘЗЗАТ СҮЛЕЙМЕН ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЛӘЗЗАТ СҮЛЕЙМЕН ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

Парламентаризм институты директорының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен Қостанай облысының Арқалық қаласы, Жангельдин, Амангелді аудандарына барып, су тасқынан зардап шеккен әйелдер мен олардың отбасыларының қал-жағдайымен танысты.

Бұл кездесулер Ұлттық комиссия тарапынан ұйымдастырылып, су тасқынынан зардап шеккен сегіз облысқа гуманитарлық көмек көрсетілді.

Л.Ж. Сүлеймен су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, сондай-ақ мемлекет пәрменімен баспана алған бірнеше отбасылардың үйлерінде болып, жаңа қоныстағы тыныс-тіршілігімен танысты. Өңір тұрғындары қиын жағдайда мемлекет тарапынан қабылданған жедел шараларға ризашылықтарын білдірді.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл облыстарының әйелдер комиссиялары жіберген гуманитарлық көмек арнайы жасақталған қоймаларға тапсырылды, олар мұқтаж адамдарға рет-ретімен жеткізілетін болады.

Қазіргі таңда үйсіз қалған азаматтарға арналып салынатын үйлердің құрылысы жалғасуда. Кездесулерде қойылған проблемалық сұрақтар негізінен шешімін тапты, адамдарға заңгерлік, психологиялық көмектер көрсетілді.