Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ НОВОСІБІР МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒ...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ НОВОСІБІР МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ НОВОСІБІР МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ НОВОСІБІР МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ НОВОСІБІР МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ НОВОСІБІР МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының Аграрлық мәселелер, экология және табиғат қорғау заңнамасы орталығының бас маманы Нұржан Сәулен Новосібірде өткен «Әкімшілік құқық: әкімшілік актінің негіздемесі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
Конференцияны Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университеті «Құқық және экономика: ұлттық тәжірибе және даму стратегиялары» атты VI Халықаралық Заң форумы аясында ұйымдастырды.

Конференция аясында Парламентаризм институты мен Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университеті арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар заң шығару процесіне жасанды интеллектіні енгізу саласындағы саясатты әзірлеуде; бірлескен іс-шараларды, жобаларды, ғылыми-практикалық және талдамалық зерттеулерді, дөңгелек үстелдерді өткізуде, ғылыми басылымдар мен жинақтарды дайындау және шығару бойынша бірлескен баспа қызметін жүзеге асыруда әріптестік туралы уағдаласты.

Меморандумға қол қою рәсіміне Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінің ректоры Павел Новгородов қатысты.