Басты бетСЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ЖАҢА ҚҰРАЛДАРЫ: ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ САРАП...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ЖАҢА ҚҰРАЛДАРЫ: ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ЖАҢА ҚҰРАЛДАРЫ: ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ЖАҢА ҚҰРАЛДАРЫ: ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ЖАҢА ҚҰРАЛДАРЫ: ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ

21 мамырда ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының норма шығармашылық мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Алмас Қанатов пен бас маман Алмагүл Хасенова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық дөңгелек үстелге қатысты. 

Іс-шара Құқық қорғау органдары академиясында өтіп,  ғалымдарды, практиктерді, сондай-ақ прокуратура, қаржы мониторингі органдары және еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген басқа да ведомстволардың өкілдерін жинады.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа құралдарын енгізуді, парасаттылықты тексеру (Integrity check), сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс арқылы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің корпоративтік жауапкершілігін күшейту, негізсіз байыту үшін жауапкершілікті енгізу сияқты бірқатар түйінді мәселелер қозғалды.

Сыбайлас жемқорлық схемаларында, оның ішінде «блокчейн» технологиясы негізінде криптовалюталарды пайдалану мәселелері айтылды. Бұдан бөлек халықаралық әріптестермен өзара іс-қимыл тәжірибесі талқыланды.

Конференцияға қатысушылар талқылауға ұсынылған ұсыныстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша одан әрі шаралар әзірлеу үшін сеп болмақ дейді. 

ҰБТ іс-шара қорытындысы бойынша ұсыныстар жинағын шығару жоспарлануда.