2024 жылғы 22 мамырда ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтында отбасылық кәсіпкерлікті құқықтық реттеудің өзекті мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті.
Сенатор Айгүл Қапбарованың бастамасымен отбасылық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізіледі. Заң жобасы отбасылық бизнесті қолдауға және жалпы кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған.
Жұмыс кеңесінде елімізде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының өкілдері. Сондай-ақ Қазақстанның отбасылық бизнес қауымдастығының және Экономикалық зерттеулер институтының сараптама орталығының сарапшылары және басқалар қатысты.
Жиынды Парламентаризм институтының директор орынбасары, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызының төрағалығымен өтті.
Бүгінде Парламентаризм институты қолданыстағы заңнамаға тұжырымдамалық ұсыныстар туралы мәселені пысықтауда. Пікір алмасқаннан кейін кеңеске қатысушылар отбасылық кәсіпкерлікті құқықтық реттеу оның қатысушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғау, отбасылық бизнес ішіндегі қатынастардағы тұрақтылық пен құқықтық айқындық тұрғысынан өте маңызды деген қорытындыға келді.
Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша осы тақырыпты егжей-тегжейлі зерделеуді және Заң жобасының ережелерін мемлекеттік органдармен талқылауды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Егер сізде осы тақырып бойынша ұсыныстарыңыз болса және Заң жобасын сараптамалық талқылауға қатысқыңыз келсе, онда ұсыныстарыңызды көрсетілген электрондық мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз:
Kostyanaya@umto.kz