3-4 маусымда «Гендерлік призма арқылы құқықтық сараптама сапасын арттыру: теориядан тәжірибеге» атты тренингі өтті.
Семинарды БҰҰ Даму Бағдарламасы және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды.
Тренингке ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Атқарушы директоры Жанар Тулиндинова қатысты.
Сондай-ақ, тренингке Хельсинки университетінің заң профессоры, тренер Марианна Муравьева қатысты. Тренингтің мақсаты – заңнамада гендерлік сараптама әдістемесін қолдану арқылы шешім қабылдаудың барлық деңгейлерінде дағдыларды нығайту.
Семинарда гендерлік теңдіктің құқықтық базасы, гендерлік негізгі және гендерлік талдау, энергияға көшу мен цифрлық трансформацияның гендерлік аспектілері, заңнаманың гендерлік сараптамасы, сондай-ақ гендерлік-сезімтал заңнама сынды тақырыптар қарастырылды.
Тренинг қорытындысы бойынша ҚР заңнамасына гендерлік теңдік қағидаттарын енгізу бойынша ұсынастар дайындау жоспарланды.