Басты бетҚАЗАҚСТАНДА ТОПЫРАҚТЫ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ӘЗІРЛЕНУДЕ

ҚАЗАҚСТАНДА ТОПЫРАҚТЫ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ӘЗІРЛЕНУДЕ

ҚАЗАҚСТАНДА ТОПЫРАҚТЫ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ӘЗІРЛЕНУДЕ

2024жылы 5 маусымда ҚР Парламент Сенатының депутаттары бастамашылық еткен «Топырақты қорғау туралы» ҚР Заңының жобасын әзірлеу шеңберінде сараптамалық талқылау өтті. Іс-шараға «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан далашылар Одағы», «Қазақстан қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі» қауымдастығы, Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының, Ұлттық аграрлық ғылым академиясының, «Respublica» фракциясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында топырақты қорғау саласындағы өзекті мәселелер айтылды. Атап айтқанда топырақты ұтымды және ұқыпты пайдалану, олардың сапасы мен құнарлы қабатын деградациядан және басқа да жағымсыз салдарлардан сақтаудың құқықтық негіздері талқыланды. Қорытынды бойынша ұсыныстар қалыптастырылып, бастамашы-депутаттың атына жолданатын болады.

Егер Сізде осы тақырып бойынша ұсыныстар болса, электрондық мекен-жайға жіберуді сұраймыз: Zhaxygeldinova@umto.kz