Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ҒЫЛЫМИ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ҒЫЛЫМИ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ҒЫЛЫМИ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ҒЫЛЫМИ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Конституциялық сотта меншік құқығы проблемаларына және Конституциялық Соттың «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жыл сайынғы жолдауының жобасын дайындауға арналған ғылыми-консультативтік кеңестің үшінші отырысы өтті.

Отырысқа Конституциялық Соттың судьялары, ҰКҚ мүшелері және шетелдік сарапшылар қатысты. Жиынға ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтынан атқарушы директоры, Конституциялық Соттың ҰКС мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты Алмас Қанатов қатысты. 

Конституциялық Соттың ғылыми-консультативтік кеңесінің негізгі міндеті Конституцияның үстемдігін және оның Қазақстан Республикасының аумағында тікелей қолданылуын қамтамасыз ету жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау болып табылады.

Кеңес сонымен қатар конституционализмнің өзекті мәселелерін және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырады.

ҰКС құрамына ғылыми заң қоғамдастығының 36 өкілі кіреді.