Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ МЕН ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ «ҒЫЛЫМ ҚАЛАШЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ» З...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ МЕН ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ «ҒЫЛЫМ ҚАЛАШЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ МЕН ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ «ҒЫЛЫМ ҚАЛАШЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ МЕН ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ «ҒЫЛЫМ ҚАЛАШЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ МЕН ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ «ҒЫЛЫМ ҚАЛАШЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Парламентаризм институтында ҚР Парламенті Сенатының жобалық кеңсесімен және Парламент депутаттарымен бірлесіп «Ғылым қалашықтары туралы» заң жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Аталған  заң жобасы елдің ғылыми-техникалық және өндірістік-технологиялық әлеуетін дамыту үшін маңызды стратегиялық мәнге ие.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 12 сәуірде Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысында: «Бүгінде ғылыми прогреске сүйенетін елдер әлемде көшбасшы орынға шықты. Біз осындай елдердің қатарына кіруіміз керек. Сондықтан ғылымды дамыту сөзсіз басымдық болуы керек», - деп атап өтті. 

Заң жобасын талқылауға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Курчатов қаласының әкімі, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми және өзге де ұйымдардың мамандары (ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Ұлттық қорғаныс университеті, Экономикалық зерттеулер институты, «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ және т.б.), отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша заң жобасының негізгі бағыттары айқындалды, сараптамалық ескертулер мен ұсыныстар ұсынылды, олар одан әрі заң шығару жұмысында ескерілетін болады.