Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КОДЕКСІНІҢ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КОДЕКСІНІҢ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КОДЕКСІНІҢ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КОДЕКСІНІҢ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КОДЕКСІНІҢ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

2024 жылғы 24 шілдеде Парламентаризм институтының Жеке заңнама орталығы және директор, з.ғ.д. Қанатбек Бейсенбекұлы Сафиновтың басшылығымен «Кондоминиумдар туралы заңнаманы дамыту перспективалары» тақырыбында жұмыс кеңесін өткізді. Іс-шараға халықаралық сарапшылар қатысты.

Атап айтқанда, кеңеске Беларусь пен Германия өкілдері қатысты. Минскідегі Жылжымайтын мүлік менеджерлерінің халықаралық қауымдастығының өкілі – Геннадий Каленов «Тұрғын үйге меншік құқығын қалыптастыру және оны тіркеудің халықаралық тәжірибесі. Германиядағы меншіктің қалыптасуы Орталық Азия елдері үшін үлгі ретінде» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Берлинде орналасқан «Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» бастамасының жетекшісі Лариса Шреккенбах «Тұрғын үй иелері бірлестігінің басқармасы – Германия тәжірибесі» атты баяндамасын ұсынды.

Таяу шетелден келген халықаралық сарапшылар кондоминиумдарды басқару мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратпен бөлісті. Қырғыз Республикасындағы, Тәжікстан Республикасындағы және Өзбекстан Республикасындағы кондоминиумдар туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру үшін жолдамалар ұсынды.

Кеңеске отандық сарапшылар қатысып, олардың алдына мынадай сұрақтар қойылды:

1. Меншік иелерінің ортақ мүліктегі үлеске құқығы қалай бекітілген?

2. Мүлік иелерінің бірлестігі қызметін басқару және ұйымдастыру формасын таңдауда қандай мәселелер туындайды?

3. Басқарудың қандай субъектілері немесе формалары тиімді?

4. Неліктен «Бір үй – бір МИБ» принципі тиімсіз?

5. Пәтер иелелері кооперативін сақтау немесе жандандыру қаншалықты қажет?

6. Қарапайым серіктестік институтын алып тастау керек пе?

7. Мүлік иелері бірлестігі төрағасының жауапкершілігі қандай?

8. Меншік иесіне МИБ төрағасы болып сайлануға рұқсат етіле ме?

9. Ортақ мүлікті басқару мен ұстауды біріктіруге рұқсат беру керек пе?

10. Ортақ мүлікті ұстауға және басқаруға жарналар механизмі қалай белгіленуі керек?

11. Қарызы бар пәтерді сату мәселесін қалай шешуге болады?

12. Кондоминиум объектісін басқаруға жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысуының қандай тетіктері бар?

Кеңес қорытындысы бойынша тұрғын үй заңнамасын әзірлеу кезінде ескерілетін ұстанымдар әзірленді.