Басты бетСАРАПШЫЛАР ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

САРАПШЫЛАР ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

САРАПШЫЛАР ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ САРАПШЫЛАР ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ САРАПШЫЛАР ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафиновтың басшылығымен ғалымдар мен зообақылау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кездесуде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 19 сәуірде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі кеңесте айтылған қаңғыбас иттерге қатысты тапсырмасы заңнамалық бастамаға себеп болды.

Қазіргі таңда аталған заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында.

Жұмыс кеңесінде сарапшылар мен зообақылау ұйымдарының өкілдері заң жобасы бойынша өз пікірлері мен ұстанымдары тыңдалып, қаңғыбас жануарларды реттеудің әлемдік тәжірибесі және Ресей Федерациясының заңнамалық тәжірибесі талқыланды. Оның ішінде жақында Ресей Федерациясының Конституциялық Соты жануарларды иесіз өлтірудің негіздерін анықтау туралы шешім қабылдады (Ресей Федерациясының Конституциялық Сотының 18.07.2024 жылғы қаулысы).

Сонымен қатар, Қазақстан қатысушысы болып табылатын  Душанбеде қабылданған «2025 жылға дейінгі кезеңде құтырудың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарының кешені туралы» ТМД Үкімет Басшылары Кеңесінің 2018 жылғы 1 маусымдағы шешімі сияқты халықаралық құжаттар қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша айтылған пікірлер мен ұсыныстарды ескеріліп, жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманы жетілдіру бойынша одан әрі қадамдар айқындалды.