Басты бетЖОҒАРҒЫ СОТТА КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР ҚҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ЖОҒАРҒЫ СОТТА КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР ҚҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ЖОҒАРҒЫ СОТТА КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР ҚҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ ЖОҒАРҒЫ СОТТА КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР ҚҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ ЖОҒАРҒЫ СОТТА КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР ҚҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елордада апелляциялық және қайта қараудың бірыңғай қағидалары бар үш дербес кассациялық сот жұмыс істей бастайды. ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Жоғарғы Сот алаңында кассациялық соттар құру мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Заң жобасын ашық талқылау барысында көрсетілген «жаппай» кассация институтына сарапшылардың жоғары қызығушылығы оның заң тәжірибесі мен қалың бұқара  үшін маңыздылығы мен өзектілігін көрсетті. Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы Соттың, Сот әкімшілігінің, Республикалық адвокаттар алқасының, Парламентаризм институтының басшылығы, Бас прокуратура мен заң қоғамдастығының өкілдері қатысты.

ҚР Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева дөңгелек үстелдің ашылуында реформаның негізгі мақсаттары мен маңыздылығын атап өтті. Жаңа кассациялық соттар құруды және «жаппай» кассация енгізуді қоса алғанда, сот жүйесін реформалаудың негізгі міндеті сотты қорғауға және соттарға деген сенімді арттыруға Конституциямен кепілдік берілген құқықтың толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету.

 Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов сот төрелігі саласындағы заңнамалық өзгерістердің маңыздылығын және заң шығару процесінде өз үлесін қосқан жұмыс тобы мен депутаттардың бастамасын атап өтті. Өз кезегінде, төраға ПІБ жанындағы Парламентаризм институтымен бірлескен және нәтижелі жұмысты атап өтіп, заң жобаларын әзірлеуге қосқан зор үлесі үшін Институт директоры Қанатбек Сафиновқа зор алғысын білдірді.

 Дөңгелек үстел жұмысына Мәжілісмендер Марат Башимов, Бақытжан Базарбек және Нұрсұлтан Байтілесов қатысып, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев және Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай өз пікірлерімен бөлісті.

Кассациялық соттарды құру мәселелерін талқылау барлық спикерлер мен қатысушыларға олардың тиімді жұмыс істеуінің негізгі аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік берді. Судьялардың шынайы тәуелсіздігін, сондай-ақ сот лауазымдарына іріктеу процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мен сот корпусы бейтарап, әділ және тәуелсіз сот төрелігін қамтамасыз етуге бағытталған заң қоғамдастығының ұсыныстарымен жұмысты жалғастыруға дайын екенін білдірді.