Басты бетСАРАПШЫЛАР «ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

САРАПШЫЛАР «ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

САРАПШЫЛАР «ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ САРАПШЫЛАР «ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ САРАПШЫЛАР «ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

2024 жылы 21 тамызда Парламентаризм институты «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына байланысты кезекті жұмыс кеңесін өткізді.

Жиынға институт директоры, заң ғылымдарының докторы Қанатбек Сафинов, сондай-ақ зооқорғау ұйымдарының ғалымдары мен өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында.

Жұмыс кеңесі барысында сарапшылар мен зооқорғау ұйымдарының өкілдері жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша халықаралық тәжірибені талдау нәтижелерін қарастырды. Сонымен қатар, заң жобасының жекелеген нормалары бойынша пікірлер мен ұсыныстар айтылды (оның ішінде Ресей Федерациясының Конституциялық Сотының 18.07.2024 жылғы жануарларды иесіз өлтіруге негіз болатын қаулысын ескере отырып).