2024 жылдың 11 қыркүйегінде Парламентаризм институтында нормашығармашылық қызметті жетілдіру мәселелеріне арналған отырыс өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — заңдарды әзірлеу процесін жақсарту және бюрократиялық кедергілерді азайту.
Кездесудің модераторы Парламентаризм институтының директоры, заң ғылымдарының докторы Қанатбек Сафинов болды. Модератор кіріспе сөзінде заң шығару тәсілдерін жаңарту қажеттігін атап өтті. Назар аударуды қажет ететін негізгі мәселелердің қатарында заңнамадағы жиі өзгерістер, заң жобаларын ғылыми тұрғыдан пысықтаудың жеткіліксіздігі, заңдар мен заңға тәуелді актілер арасында нақты шекаралардың болмауы атап өтілді.
Ұсынылған тұжырымдама заңнамалық қызметті жоспарлауды жақсарту, құқықтық реттеудің нақты қағидаттарын белгілеу және ғылыми сараптаманың сапасын арттыру арқылы осы мәселелерді шешуге бағытталған.
Реформаның маңызды элементі қайталанатын нормаларды жою және реттеушілік әсерді міндетті бағалауды енгізу болады. Бұл ұсынылған өзгерістердің салдарын алдын-ала бағалауға және олардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Басұосуға ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары, оның ішінде комитет төрағасы С.Имашева, сондай-ақ депутаттар Б.Базарбек, Н.Дементьева, Д.Исабеков, У.Шапак, Д.Наумова және Н.Байтілесов қатысты.
Снежанна Имашева бұл тақырыптың маңыздылығын ерекше атап өтіп, депутаттар заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмысқа белсенді қатысуға дайын екенін және заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстарды ескере отырып, жоба бойынша жұмысты жалғастырып, оны Парламентте одан әрі қарауға ұсыну туралы шешім қабылданды.