Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ҚАЗАҚСТАНДА АЭС САЛУ БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ҚАЗАҚСТАНДА АЭС САЛУ БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ҚАЗАҚСТАНДА АЭС САЛУ БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ҚАЗАҚСТАНДА АЭС САЛУ БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ҚАЗАҚСТАНДА АЭС САЛУ БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтында директор Қанатбек Бейсенбекұлы Сафиновтың төрағалығымен жиын өтті. Кездесуде 6 қазанда өтетін Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы бойынша алдағы референдумның негізгі мәселелері талқыланды.

Директор атом электр станциясының құрылысын еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды қадамы ретінде бағалады. Ол атом энергетикасының сенімді әрі тиімді энергия көзі екендігін, дәстүрлі ресурстарға тәуелділікті төмендетіп, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететіндігін атап өтті. Сафинов қазіргі заманғы атом электр станцияларының қауіпсіздік пен экологиялық тұрақтылық стандарттарына сай келетінін және бұл жобаның Қазақстанның болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сафинов стратегиялық маңызды мәселелер бойынша референдумдар өткізу идеясын қолдаудың халықаралық практикаға сәйкес келетіндігін және биліктің қоғаммен ашық диалогқа дайын екенін мәлімдеді. Бұл азаматтардың сенімін нығайтып, шешім қабылдау процесіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Жиын соңында институттың нормашығармадылық  жөніндегі атқарушы директоры Қанатов Алмас Қанатұлы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы туралы баяндама жасады, онда одан әрі талқылау үшін негізгі аспектілер мен ұсыныстар айтылды.