Парламентаризм институтының сарапшылары еліміздің бес өңірінің депутаттарына дәріс оқыды
Семейде еліміздің бес өңірінің мәслихат депутаттарына арналған ауқымды тренинг өтті. Іс-шара Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Жетісу, Абай облыстарының халық қалаулылары мен мәслихат аппараттарының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету шеңберінде ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара Сенат пен мәслихаттар арасындағы ынтымақтастық жоспары аясында өтті. Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты Парламентаризм институты, Парламентаризмді дамыту қоры, Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және Абай облысының мәслихаты болды.
Парламентаризм институты директорының орынбасары Ляззат Жанылыскызы Сүлеймен өз сөзінде заңнаманы жетілдіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу халықтың өмір сүру сапасын арттырудың басты шарттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстан Президентінің Жолдауындағы негізгі басымдықтарға тоқталып, соңғы жылдары атқарылған реформалар аясында қоғамдық бақылауды күшейту, адам саудасымен күрес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың қарыз жүктемесін азайту бойынша бірқатар маңызды қадамдардың жасалғанын баса айтты. Бұдан басқа балаларға қарсы зорлық-зомбылыққа жазаның күшейтілгенін және білім беру мекемелері мен ойын алаңдарында балаларды қорғауға бағытталған жаңа нормалардың енгізілгенін жеткізді.
Ляззат Жаңылысқызы сондай-ақ әлеуметтік саясат мәселелеріне тоқталып, халықтың қарыз ауыртпалығын азайтуға бағытталған заңдардың маңыздылығын атап өтті. Қаржылық тәуекелдер өсіп келе жатқан жағдайда, бұл шаралар қоғам үшін ерекше маңызды болып табылады. Институт директорының орынбасары тренингке қатысушыларды жергілікті билік органдарымен белсенді ынтымақтастыққа және азаматтарға жаңа мемлекеттік бастамалар туралы ақпарат беруге шақырды, өйткені бұл бірлескен жұмыс мақсаттарға қол жеткізіп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесетінін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, тренингке қатысушыларға Сенат Парламенті депутаты Айнұр Арғынбекова, Абай облысының мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов және ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің өкілі Әсел Қаратаева да құттықтау сөз сөйледі. Олар мәслихаттардың рөлін нығайту және олардың жергілікті саясатқа әсерін арттыру мақсатында осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Парламентаризмді дамыту қорының президенті Зауреш Баталова мәслихаттардың қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету туралы баяндама жасады.
Парламентаризм институтының сарапшысы Меруерт Қабылбаева мәслихат депутаттарының Парламентпен өзара іс-қимылын айта келе, жергілікті өкілді органдардың халықпен байланыста негізгі рөл атқаратынын атап өтті. «Азаматтар алдымен мәслихат депутаттарына жүгінеді, және сіздер арқылы мемлекеттік органдармен алғашқы байланыс орнатылады. Сенатпен бірлескен жұмыс заңдардың орындалуын қадағалауға және туындаған мәселелерге уақытылы әрекет етуге мүмкіндік береді», – деді Қабылбаева. Ол сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін өңдеу үшін бірыңғай экожүйе құрудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жүйе әлеуметтік желілердегі пікірлерді талдау арқылы халықтың нақты қажеттіліктерін анықтауға көмектеседі, дейді сарапшы.
Антикоррупциялық саясат мәселелері бойынша баяндамамен Парламентаризм институтының сарапшысы Алмагүл Хасенова сөз сөйледі. Ол мәслихаттардың жергілікті бюджеттер мен бағдарламаларды бақылау арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы маңызды рөлін атап өтті. Хасенова 2023 жылғы Transparency International деректерін келтіріп, Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 180 елдің ішінде 97-орынды иеленгенін айтты. Дегенмен, ол 39 ұпайдың елдегі сыбайлас жемқорлықтың әлі де жоғары деңгейін көрсететінін және оның экономикалық дамуға теріс әсер ететінін атап өтті.
Хасенова өз сөзін қорытындылай келе, мәслихаттардың жергілікті бағдарламаларды бекіту және бақылау арқылы ашықтықты арттыруға және сыбайлас жемқорлық схемаларының алдын алуға ықпал ететінін атап өтті.
Тренинг барысында «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры және Парламентаризмді дамыту қорының ғылыми жетекшісі Мереке Талғатұлы Ғабдуәлиев «Мәслихат депутаттарының сайлаушылармен тиімді байланысы» тақырыбында баяндама жасады.
Экологиялық мәселелер де назардан тыс қалмады. Эколог Кирилл Владимирович Осин әкімшілік аумақтардағы – аудандар, қалалар және облыстардағы экологиялық жағдайға қатысты мәселелерді және алдағы уақытқа арналған міндеттерді талқылады.
Тренинг аясында мәслихат депутаттары жергілікті кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін де қарастырды. Q88 Тұрақты даму қауымдастығының сарапшысы Санжар Қазиев елді мекендерді абаттандыру, саябақтар мен скверлерді салу стандарттары, көгалдандыру және архитектуралық шешімдер туралы баяндама жасап, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына тоқталды.
Сот жүйесі және құқық қорғау органдары орталығының сарапшысы Ш.С. Оңғаров өз баяндамасында өңірлердегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін кеңінен талқылады. Ол құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықты күшейту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Оңғаров қоғамдық қауіпсіздік шараларын нығайту және өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту үшін құқықтық мәдениетті дамыту қажеттігін ерекше атап көрсетті.
Сонымен қатар, сарапшы өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруы да құқық бұзушылықтардың азаюына тікелей әсер ететінін атап өтті. Құқықтық мәдениет қалыптастыру арқылы азаматтар тек өз құқықтары мен міндеттерін түсініп қана қоймай, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға өз үлестерін қосады.
Бұл тренинг мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруда маңызды қадам болды, ал оның қорытындылары билік органдарының барлық деңгейлерінде өзара іс-қимылды жақсартып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.
2024 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен
мәслихаттар арасындағы өзара іс қимылды одан әрі жетілдіру жөніндегі
іс шаралар жоспарын орындау үшін мәслихаттар депутаттары мен олардың
аппараттары қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету және
біліктілігін арттыруға арналған
ТРЕНИНГТЕР БАҒДАРЛАМАСЫ
Ұйымдастырушылар:
1. ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты
2. Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры
3. «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ
4. Түркістан облыстық мәслихаты
5. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі
Бағдарлама |
Баяндамашылар |
|
Модератор (1-бөлім): Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы
|
||
9.30-10.00 |
Қатысушыларды тіркеу |
|
10.00-10.15 |
Іс-шараның ашылуы Кіріспе сөз |
Сүлейменов Қуаныш Серқазыұлы |
10.15-11.30 |
Баяндама: Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының негізгі бағыттары |
Сүлеймен Лəззат Жаңылысқызы – Парламентаризм институты директорының орынбасары |
11.30-11.00 |
Тренинг: «Мәслихаттардың қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету» |
Батталова Зауреш Кабылбековна – Қазақстандағы парламентшілікті дамыту қорың президенті
|
11.00 – 11.30 |
«Мәслихат депутаттарының сайлаушылармен тиімді қарым-қатынасы» |
Чеботарёв Андрей Евгеньевич – «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Габдуалиев Мереке Тлекович– Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының ғылыми жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты |
11.30 – 12.00 |
Тренинг: «Мәслихат депутаттарының ҚР Парламенті депутаттарымен өзара іс-қимылы» |
Батталова Зауреш Кабылбековна – Қазақстандағы парламентшілікті дамыту қорың президенті Кабылбаева Меруерт Алихановна – Парламентаризм институтының жеке заңнама орталығының бастығы |
12.00 - 13.00 |
Талқылау (сұрақ-жауап) |
|
13.00 - 14.00 |
ТҮСКІ ҮЗІЛІС
|
|
Депутаттардың біліктілігін арттыру бойынша дәрістер.
Модератор (2-бөлім): Батталова Зауреш Кабылбековна
|
||
14.00-14.20 |
Қазақстан Республикасында денсаулыққа құқықты іске асырудың өзекті мәселелері |
Туменова Бахыт Ниязбековна Денсаулық сақтау саласындағы сарапшы «Аман – саулык» ҚҚ Президенті |
Әкімшілік аумақтың (ауданның, қаланың, облыстың) жер шаруашылығы мәселелері: жай-күйі, міндеттері, проблемалары; |
Саттыбаев Жанибек Серикович - Жер мәселелері және жерге орналастырушылық жөніндегі сарапшы |
|
14.40-15.00 |
Әкімшілік аумақтың (ауданның, қаланың, облыстың) экологиялық мәселелері: жай-күйі, міндеттері, проблемалары; |
Осин Кирилл Владимирович – Эко-Маңғыстау» ҮЕҰ директоры, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты |
15.00-15.20 |
Әкімшілік аумақтың халқы мен оқушыларына көліктік қызмет көрсету мәселелері |
Казиев Санжар Бакытбекович – «Q88» аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығының сарапшы урбанисті (орыс тілінде) |
15.20-15.40 |
Әкімшілік аумақта (аудан, қала, облыс) кәсіпкерлікті реттеу мәселелері: жай-күйі, міндеттері, проблемалары; |
Курбанбаева Гульнар Туретаевна - Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығының президенті |
15.40-16.00 |
Әкімшілік аумақта (аудан, қала, облыс) қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері: жай-күйі, міндеттері, проблемалары; |
Оңғаров Шырынбек Сусынұлы - Парламентаризм институтының сарапшысы |
16.00-16.20 |
Әкімшілік аумақта (аудан, қала, облыс) мектепке дейінгі, мектеп және кәсіптік-техникалық білім беруді ұйымдастыру мәселелері: жай-күйі, міндеттері, проблемалары; |
Ахметқалиев Нұржан Нығметоллаұлы – Абай облыстық білім басқармасының басшысы презентация |
16.20-16.40 |
Елді мекендердің аумақтарын абаттандыру мәселелері: саябақтар, скверлер, көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру, көшелерді жинау және басқалары: жай-күйі, міндеттері, проблемалары (әлеуметтік стандарттар, сәулет, ТЖ, қала құрылысы талаптары, т. б.) |
Казиев Санжар Бакытбекович – «Q88» аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығының сарапшы урбанисті (орыс тілінде) |
16.40-17.00 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері |
Хасенова Алмагуль Рашидовна - Парламентаризм институтының сарапшысы (орыс тілінде) |
17.00-17.30 |
Талқылау (сұрақ-жауап)
|