Басты бетҚарағанды қаласы

Қарағанды қаласы

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ БЕС ӨҢІРДІҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ ТРЕНИНГІН ӨТКІЗДІ

Қарағанды облысында еліміздің бес өңірінен келген мәслихат депутаттарына арналған ауқымды оқыту тренингі өтті. Бұл шараны ҚР ПІБ жаныдағы Парламентаризм институты, Парламентаризмді дамыту қоры, Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі және ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі бірлесе ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының мәслихаттармен өзара іс-қимыл бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Жиынға Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының депутаттары қатысты. Тренинг барысында оларға заң шығару және құқық қолдану мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, тәжірибелерімен бөлісті.

Парламентаризм институты директорының орынбасары Ляззат Жанылысқызы Сүлеймен өз сөзінде заңнаманы жетілдіру бағытында жүйелі түрде жұмыс істеудің халықтың өмір сапасын арттырудағы басты шарттардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Қазақстан Президентінің Жолдауында айтылған негізгі басымдықтарды еске салып, қоғамдық бақылауды күшейту, адам саудасымен күрес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың қарыз жүктемесін азайту бойынша қабылданған шаралардың маңыздылығын айрықша атап өтті. Сонымен қатар, балаларға қарсы жасалатын зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдату және білім беру мекемелері мен ойын алаңдарында балаларды қорғауға бағытталған нормалардың енгізілгенін де тілге тиек етті.

Іс-шара барысында Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Қобжанов, Парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Баталова, ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің өкілі Әсел Қаратаева және Сенат депутаты Серік Өтешов сөз алып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әлеуетін арттыру мақсатында осындай тренингтердің жүйелі түрде өтуінің маңыздылығын атап өтті.

Парламентаризмді дамыту қорының президенті Зауреш Баталова мәслихаттардың қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету туралы баяндама жасап, жергілікті органдардың заңнамалық базаға негізделген жұмыс істеуінің маңызын түсіндірді. Парламентаризм институтының сарапшысы Меруерт Қабылбаева депутаттардың Парламентпен тығыз байланысын күшейту қажеттігін, мәслихаттардың жергілікті мәселелерді шешудегі рөлін атап өтті.

«Азаматтар ең алдымен мәслихат депутаттарына жүгінеді, және сіздер арқылы олардың билік органдарымен алғашқы байланысы жүзеге асады. Сенатпен бірлескен жұмыс заңдардың орындалуын қадағалауға және туындайтын проблемаларды жедел шешуге мүмкіндік береді», – деді Қабылбаева.

Сарапшы, сондай-ақ, азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай жүйесін құрудың маңыздылығына тоқталып, бұл жүйе арқылы тұрғындардың қажеттіліктерін анықтауға және соларға сай шаралар қабылдауға болатынын атап өтті. «Мұндай жүйе мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың билікке деген сенімін арттырады және олардың мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Парламентаризм институтының сарапшысы Жанибек Саттыбаев өз баяндамасында жер ресурстарын басқару мәселелерін жан-жақты талдады. Ол, әсіресе, ауылдық елді мекендердегі жайылымдық жерлердің тапшылығы, бір жер учаскесіне бірнеше құқықтың қабаттасуынан туындайтын проблемалар, сондай-ақ, су айдындары маңындағы жерлерді пайдалануда қатаң бақылау қажеттілігіне назар аударды. Сарапшының айтуынша, пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық жерлерін қайта бөлу және жер ресурстарын тиімді басқару үшін мәслихат депутаттары мен атқарушы органдардың өзара іс-қимылын күшейту қажет.

Саттыбаев су қорғау аймақтарында жерді пайдалану кезінде заңнамалық нормаларды қатаң сақтау қажеттілігін ерекше атап өтті. «Бұл аумақтарда құрылыс жұмыстарын жүргізу және нысандарды пайдалану тек заң талаптарына сәйкес және бассейндік инспекциялардың міндетті келісімімен жүзеге асырылуы тиіс. Депутаттар жер учаскелерін бөлу кезінде осы талаптардың сақталуын қатаң қадағалауы қажет, себебі бұл су тасқыны қаупін төмендетіп, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді», – деді ол.

Экология мәселесі де назардан тыс қалмады.

Сарапшы Кирилл Осин өңірлердегі экологиялық жағдайға тоқталып, экологиялық апаттардың алдын алу және табиғат қорғау шараларын күшейту қажеттігін айтты. Оның пікірінше, бұл бағыттағы жүйелі шаралар экологиялық ахуалды жақсартып, болашақ ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдыруға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселесін сарапшы Алмагүл Хасенова көтеріп, жергілікті бюджеттер мен бағдарламаларды бақылауда ұстаудың маңыздылығына тоқталды. Ол Transparency International ұйымының мәліметтерін келтіре отырып, Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 97-орынға ие болғанын айтты. Дегенмен, 100 ұпайдың 39-ын жинау әлі де болса қосымша шараларды талап ететінін көрсетті.

«Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Мереке Ғабдуәлиев өз сөзінде депутаттардың сайлаушылармен тиімді коммуникация орнатуының маңызын атап өтті. Ол ашықтық пен жариялылықтың халық пен билік арасындағы сенімді нығайтудағы рөлін ерекше атап өтіп, депутаттардың қоғаммен белсенді әрі ашық диалог жүргізуі жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуде үлкен рөл атқаратынын баса айтты.

Сот жүйесі және құқық қорғау органдары орталығының сарапшысы Ш.С. Оңғарұлы құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайту үшін құқық қорғау органдарымен тиімді байланыс орнатудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, қоғамдық қауіпсіздік шараларын күшейту және өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту құқықтық тәртіпті нығайтуға және қылмыс деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

Іс-шара соңында қатысушылар мұндай оқыту бағдарламаларын тұрақты түрде өткізіп тұрудың қажеттілігін атап, депутаттардың біліктілігін арттыру мен атқарушы органдармен өзара іс-қимылды нығайту азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын баса айтты.

2024 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен

мәслихаттар арасындағы өзара іс қимылды одан әрі жетілдіру жөніндегі

іс шаралар жоспарын орындау үшін мәслихаттар депутаттары мен олардың

аппараттары қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету және

біліктілігін арттыруға арналған

 ТРЕНИНГТЕР БАҒДАРЛАМАСЫ

 

        Ұйымдастырушылар:

1.  ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты

2.  Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры

3.  «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі»  РҚБ

4.  Түркістан облыстық мәслихаты

5.  ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі

 

Уақыты

Бағдарлама

Баяндамашылар

 

Модератор (1-бөлім): Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы

 

9.30-10.00

Қатысушыларды тіркеу

10.00-10.15

Іс-шараның ашылуы

Кіріспе сөз

Сүлейменов Қуаныш Серқазыұлы
Абай облыстық мәслихаттың төрағасы

Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Депутаты

Сүлеймен Лəззат Жаңылысқызы
Парламентаризм институты директорының орынбасары

Батталова Зауреш Кабылбековна
Қазақстандағы парламентшілікті дамыту қорың президенті

Каратаева Асель Есеевна
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің әскери-саяси мәселелер жөніндегі аға кеңесшісінің м. а.

10.15-11.30

Баяндама: Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының негізгі бағыттары

Сүлеймен Лəззат Жаңылысқызы Парламентаризм институты директорының орынбасары

презентация

11.30-11.00

Тренинг: «Мәслихаттардың қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету»

Батталова Зауреш Кабылбековна – Қазақстандағы парламентшілікті дамыту қорың президенті
презентация


Габдуалиев Мереке Тлекович – Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының ғылыми жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты

презентация 1

презентация 2

11.00 – 11.30

«Мәслихат депутаттарының сайлаушылармен тиімді қарым-қатынасы»

Чеботарёв Андрей Евгеньевич – «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры

презентация

Габдуалиев Мереке Тлекович– Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының ғылыми жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты    

презентация                       

11.30 – 12.00

Тренинг: «Мәслихат депутаттарының ҚР Парламенті депутаттарымен өзара іс-қимылы»

Батталова Зауреш Кабылбековна – Қазақстандағы парламентшілікті дамыту қорың президенті

презентация

Кабылбаева Меруерт Алихановна – Парламентаризм институтының жеке заңнама орталығының бастығы

презентация

12.00 - 13.00

Талқылау (сұрақ-жауап)

13.00 - 14.00

 

ТҮСКІ ҮЗІЛІС

 

 

Депутаттардың біліктілігін арттыру бойынша дәрістер.

 

Модератор (2-бөлім): Батталова Зауреш Кабылбековна

 

14.00-14.20

Қазақстан Республикасында денсаулыққа құқықты іске асырудың өзекті мәселелері

Туменова Бахыт Ниязбековна

Денсаулық сақтау саласындағы сарапшы «Аман – саулык» ҚҚ Президенті

презентация

14.20-14.40

Әкімшілік аумақтың (ауданның, қаланың, облыстың) жер шаруашылығы мәселелері: жай-күйі, міндеттері, проблемалары;

Саттыбаев Жанибек Серикович -

Жер мәселелері және жерге орналастырушылық жөніндегі сарапшы

презентация

14.40-15.00

Әкімшілік аумақтың (ауданның, қаланың, облыстың) экологиялық мәселелері: жай-күйі, міндеттері, проблемалары;

Осин Кирилл Владимирович 

Эко-Маңғыстау» ҮЕҰ директоры, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты

презентация

15.00-15.20

Әкімшілік аумақтың халқы мен оқушыларына көліктік қызмет көрсету мәселелері

Казиев Санжар Бакытбекович – «Q88» аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығының сарапшы урбанисті (орыс тілінде)

презентация

15.20-15.40

Әкімшілік аумақта (аудан, қала, облыс) кәсіпкерлікті

реттеу мәселелері: жай-күйі, міндеттері,

проблемалары;

Курбанбаева Гульнар Туретаевна - Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығының президенті

презентация

15.40-16.00

Әкімшілік аумақта (аудан, қала, облыс) қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері: жай-күйі, міндеттері, проблемалары;

Оңғаров Шырынбек Сусынұлы - Парламентаризм институтының сарапшысы

презентация

16.00-16.20

Әкімшілік аумақта (аудан, қала, облыс) мектепке дейінгі, мектеп және кәсіптік-техникалық білім беруді ұйымдастыру мәселелері: жай-күйі, міндеттері, проблемалары;

Ахметқалиев Нұржан Нығметоллаұлы 

Абай облыстық білім басқармасының басшысы

презентация

16.20-16.40

Елді мекендердің аумақтарын абаттандыру мәселелері: саябақтар, скверлер, көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру, көшелерді жинау және басқалары: жай-күйі, міндеттері, проблемалары (әлеуметтік стандарттар, сәулет, ТЖ, қала құрылысы талаптары, т. б.)

Казиев Санжар Бакытбекович –

«Q88» аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығының сарапшы урбанисті (орыс тілінде)

презентация

16.40-17.00

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл мәселелері

Хасенова Алмагуль Рашидовна - Парламентаризм институтының сарапшысы (орыс тілінде)

презентация

17.00-17.30

Талқылау (сұрақ-жауап)