Басты бетҚазақстанда парламенттік ашықтық мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Қазақстанда парламенттік ашықтық мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Қазақстанда парламенттік ашықтық мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті Қазақстанда парламенттік ашықтық мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті Қазақстанда парламенттік ашықтық мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Бүгін Астанада «Парламенттік ашықтық туралы Декларацияның негізгі қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің рөлі мен әлеуетін парламенттік ашықтықты нығайту арқылы арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты директорының орынбасары Л.Ж. Сүлеймен қатысты.

 Іс-шараның негізгі мақсаты — Парламенттік ашықтық туралы Декларацияның маңыздылығын және оны Қазақстанның Заң шығару қызметіне енгізу мүмкіндіктерін талқылау үшін платформа құру болды. Қатысушылар парламент ашықтығын нығайтудың Заң шығарушы органдардың жұмысының айқындығын арттырып, азаматтардың оларға деген сенімін күшейтуге қалай ықпал ететінін талқылады.

Дөңгелек үстелге ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық қоғамның өкілдері, сондай-ақ демократия, ашық басқару және құқық саласындағы сарапшылар қатысты. Шараға Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің өкілдері сияқты парламенттік ашықтық саласында тәжірибесі бар халықаралық серіктестер де қатысты.

Талқылау барысында сарапшылар мен қатысушылар Декларациядағы деректердің ашықтығы, ақпаратқа қолжетімділік және азаматтардың Заң шығару процесіне қатысуы сияқты негізгі ережелерін қарастырды. Қатысушылар осы қағидаттарды енгізудің парламент пен басқа да мемлекеттік институттардың жұмыс тиімділігін арттыру үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан парламентінің практикалық қызметінде парламенттік ашықтық қағидаттарын қолдану бойынша ұсыныстар әзірленді. Бұл осы стандарттарды заңнамалық процестерге интеграциялау үшін ұзақ мерзімді бағдарламаны құруды көздейді.