Басты бетҚазақстандағы Президенттік институттың эволюциясы мен даму перспективалары Президенттік орталықты...

Қазақстандағы Президенттік институттың эволюциясы мен даму перспективалары Президенттік орталықтың сараптамалық алаңында талқыланды

Қазақстандағы Президенттік институттың эволюциясы мен даму перспективалары Президенттік орталықтың сараптамалық алаңында талқыланды Қазақстандағы Президенттік институттың эволюциясы мен даму перспективалары Президенттік орталықтың сараптамалық алаңында талқыланды Қазақстандағы Президенттік институттың эволюциясы мен даму перспективалары Президенттік орталықтың сараптамалық алаңында талқыланды Қазақстандағы Президенттік институттың эволюциясы мен даму перспективалары Президенттік орталықтың сараптамалық алаңында талқыланды

Кеше Астанада «Қазақстан Республикасындағы Президенттік институт: эволюция, сын-қатерлер және даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің модераторы — Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты Темірболат Бақытжан Берікбайұлы болды.

Іс-шараның мақсаты — Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік жүйесіндегі Президенттік институттың рөлін кешенді түрде талдау, оның саяси реформалар жағдайындағы трансформациясын қарастыру, сондай-ақ қазіргі сын-қатерлер мен алдағы даму бағыттарын саралау.

Дөңгелек үстел жұмысына ғылыми қауымдастықтың өкілдері, мемлекеттік құрылымдардың мамандары және сараптамалық орталықтардың қызметкерлері қатысты.

Аубакирова Индира Ураловна, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, баяндамасында Президенттік институттың құқықтық негіздері мен институционалдық дамуына тоқталып, оның құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

Парламентаризм институты атынан баяндамамен Канатов Алмас Канатұлы, атқарушы директор, қауымдастырылған профессор сөз сөйледі. Оның баяндамасының тақырыбы – «Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамалары және Парламентпен өзара іс-қимылы».

Президенттік институттың тарихи-саяси эволюциясын Куанышев Жапсарбай Ильясұлы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының докторы сараптамалық тұрғыдан талдап берді.

Сонымен қатар, Президенттік орталықтың алаңында құқық, тарих және мемлекеттік саясат салаларындағы басқа да жетекші мамандар өз пікірлерімен бөлісті. Бұл пікірталас мазмұнды әрі жан-жақты ғылыми диалогтың қалыптасуына ықпал етті.

Дөңгелек үстел жұмысы Президенттік институттың даму мәселесіне сарапшылық қауымдастықтың жоғары қызығушылығын көрсетті. Талқылау барысында қатысушылар болашақта ғылыми зерттеулерді тереңдете түсудің, ведомствоаралық және пәнаралық өзара ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.