Басты бетСенатта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті

Сенатта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті

Сенатта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті Сенатта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті Сенатта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті Сенатта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті Сенатта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті Сенатта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті Сенатта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті Сенатта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті Сенатта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті

2025 жылғы 30 сәуірде ҚР Парламенті Сенатының ғимаратында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқықбұзушылықтардың жекелеген түрлерін қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді жылыстатуға әрі терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру аясында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шара кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістердің өзекті тұстарын талқылауға арналды. Отырысқа мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастық пен сарапшылар тобының өкілдері қатысып, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуын арттыру тетіктері жан-жақты қарастырылды.

Парламентаризм институтының атынан сөз сөйлеген Сот жүйесі және құқық қорғау органдары орталығының бас маманы Алмагүл Рашитқызы Хасенова жүргізіліп жатқан реформаларға сараптамалық баға беріп, құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын атап өтті. Ол кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласудың алдын алу және бизнеске қатысты істерде сот-құқықтық теңгерімді сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударды.

— Кәсіпкерлер – экономикалық процестердің негізгі қатысушылары. Олардың негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғалу деңгейі – Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын айқындайтын маңызды фактор, – деді Хасенова А.Р.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар пікір алмасып, құқық қорғау және қаржы салаларындағы уәкілетті органдар өкілдеріне нақты сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді. Іс-шара қорытындысында кәсіпкерлердің құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұсынымдар қабылданды.