Басты бетҚР ІІМ ҚАЖК-ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЭКСПЕРТТІК КЕҢЕС ӨТТІ

ҚР ІІМ ҚАЖК-ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЭКСПЕРТТІК КЕҢЕС ӨТТІ

ҚР ІІМ ҚАЖК-ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЭКСПЕРТТІК КЕҢЕС ӨТТІ ҚР ІІМ ҚАЖК-ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЭКСПЕРТТІК КЕҢЕС ӨТТІ ҚР ІІМ ҚАЖК-ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЭКСПЕРТТІК КЕҢЕС ӨТТІ ҚР ІІМ ҚАЖК-ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЭКСПЕРТТІК КЕҢЕС ӨТТІ ҚР ІІМ ҚАЖК-ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЭКСПЕРТТІК КЕҢЕС ӨТТІ ҚР ІІМ ҚАЖК-ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЭКСПЕРТТІК КЕҢЕС ӨТТІ ҚР ІІМ ҚАЖК-ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЭКСПЕРТТІК КЕҢЕС ӨТТІ

2025 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде (ҚАЖК ҚР ІІМ) онлайн және офлайн форматта қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері жөнінде эксперттік кеңес өткізілді. Іс-шараның бастамашысы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Темірғалиұлы Құспан.

Кеңес жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал Құспан, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Серікович Қайырбеков, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Парламентаризм институтының нормашығармашылық жөніндегі атқарушы директоры Алмас Қанатович Қанатов, Сот жүйесі мен құқық қорғау органдары орталығының жетекшісі Асқар Қалмұхаметович Өртембаев, орталықтың бас сарапшысы Нұртай Қонысбаевич Иманғалиев, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы, Сот әкімшілігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Әділет министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қылмыстық-процестік кодексі және Қылмыстық кодексі шеңберіндегі өзекті мәселелер жан-жақты қаралды. Қатысушылардың мәліметінше, қазіргі уақытта бір сотталған адамға тәулігіне шамамен 100 мың теңге жұмсалады. Осыған байланысты, шығындарды оңтайландыру мақсатында электрондық бақылау білезіктерін қолдану ұсынылып отыр, олардың жалдау құны 17 мың теңгені құрайды. Бұл шығынды сотталғанның өз есебінен өтеуі ұсынылды.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инфрақұрылымдық жағдайына назар аударып, қазіргі таңда «нысандардың 75 пайызы қолданыстағы талаптарға сай келмейді» екенін атап өтті. Кеңес барысында сондай-ақ сот үкімдерін орындау қызметін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс аясынан шығару және түзеу жұмыстары түріндегі жазаны қолданыстағы жазалар жүйесінен алып тастау мәселесі көтерілді. Мемлекет мүддесіне келтірілген зиянның сипатын және құқық бұзушылықтың қасақана жасалғанын ескере отырып, электрондық бақылау құралдарын әдейі бүлдіру – шартты жаза қолдануды жою үшін негіз ретінде қаралуы тиіс деген ұсыныс айтылды.

ҚР Ішкі істер министрлігі Қаржы министрлігімен, Сот әкімшілігімен, Бас прокуратурамен, Әділет министрлігімен, Ұлттық экономика министрлігімен, Қорғаныс министрлігімен және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, қамау түріндегі жаза институтын одан әрі дамыту мәселесін кешенді түрде қарастыруда.

Талқылау барысында еліміздің тоғыз өңірінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің шамадан тыс толы екені атап өтілді – олардың жүктемесі 104%-дан 265%-ға дейін жетіп отыр. Алты өңірде бұл көрсеткіш 90%-дан 97%-ға дейінгі деңгейде, ал Ақмола облысында мұндай мекеме мүлдем жоқ.

Парламентаризм институты кеңеске белсенді қатысып, ашық пікір білдірген барлық қатысушыларға алғысын білдіре отырып, еліміздің қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру және реформалау бағытында мемлекеттік және азаматтық институттармен өзара ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін мәлімдеді.