

Наталья Виссарионовна Пан УМТО басшысының бұйрығымен МТҚБ «Парламентаризм институтының» директоры болып тағайындалды.
Бүгін, 17 маусым күні, УМТО басшысы Серік Бахтиярұлы жаңа басшыны ұжымға таныстырып, табысты әрі жемісті жұмыс тіледі.
Наталья Пан 1979 жылғы 26 ақпанда Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша, Қарағандының «Болашақ» өзекті білім беру институтын «қаржы» мамандығы бойынша, сондай-ақ АҚШ-тағы Колумбия университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде бастаған. 2003 жылға дейін құқықтық сараптама, заңнаманы жүйелеу және құқықтық білім беру басқармасында бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас кеңесшісі, ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары, Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, зияткерлік меншік құқықтары департаментінің директоры қызметтерінде болған.
2017–2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі лауазымын атқарды.
Парламентаризм институтының директоры қызметіне тағайындалғанға дейін Наталья Пан Әлеуметтік жобалар мен қоғамдық бастамалар орталығын басқарды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.