





30 маусым – Халықаралық парламентаризм күні ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтында «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Конституциялық экономика азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету шарты ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қатысушылар конституциялық экономиканың қағидаттары азаматтардың еңбек ету, білім алу, әлеуметтік қорғау және кәсіпкерлік құқықтарын іске асыруға ықпал ететінін талқылады. Мемлекеттік институттардың рөліне, экономикалық саясат пен конституциялық кепілдіктердің өзара байланысына, сондай-ақ заңнаманы жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан құттықтау сөзін сөйледі. Ол өз сөзінде конституциялық экономика – бұл нақтыланбаған ұғым емес, шынайы тетік, мұнда құқық әрекет, ал әділдік – нәтиже болатынын атап өтті. Оның сөзінше, Конституция 30 жылда негіз қалаушы мәтінен құқықтық және экономикалық тәжірибеге күнделікті ықпал ететін нормалар мен мағыналар жүйесіне айналды.
Баяндамалармен Парламентаризм институтының атқарушы директоры Дәурен Әділбеков, Нархоз университетінің Конституциялық экономика орталығының директоры Виктор Малиновский, ҚР Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ермек Әбдрасулов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Марат Жұмағұлов, ҚР Конституциялық Сотының талдаушысы Қайрат Исмағұлов, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бас инспекторы Мәлік Қаражанов сөйледі.
Талқылау қорытындылары бойынша құқық қолдану тәжірибесін күшейту, Конституциялық Соттың рөлін нығайту және әлеуметтік әділеттілік аясында институционалдық дамуды, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын іске асыру саласында тиімді шешімдерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар айтылды.