








Қазақстанда балалар интернетке ерте жастан қосылып, түрлі қауіпке тап болуда. ЮНИСЕФ жүргізген KazKidsOnline зерттеуінің деректері қоғамды алаңдатып отыр: балалардың 46 пайызы алғаш рет интернетке 5–8 жасында қосылса, тағыүштен бірі 12 жасқа дейін желі қолдана бастайды. Әрбесінші бала кибербуллингке ұшырағанын айтса, 7 пайызы сексуалдық сипаттағы суреттер алған, ал 10 пайызы ересек бейтаныстармен байланыс орнатқан.
Осы және басқа да мәліметтер 25 шілде күні Парламентаризм институтында өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Жиынның негізгі тақырыбы — балалардың цифрлық қауіпсіздігін жүйелі түрдеқамтамасыз ету жолдары болды.
Парламентаризм институты директорыныңорынбасары Ләззат Сүлейменнің айтуынша, цифрлыққауіпсіздік – бұл тек IT саласына қатысты мәселеемес, бұл – балалықты қорғауға бағытталған ұлттықстратегияның маңызды бөлігі. Оның сөзінше, заңнаманы жетілдіру қажет, алайда отбасы, мектеп, мемлекет және баланың өзі – цифрлық дәуірдіңбелсенді қатысушысы ретінде – өзараынтымақтастық орнатпайынша, бұл мәселені толыққанды шешу мүмкін емес.
Жиынды ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева мен ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігінің басшысының орынбасары Летисия Баззи-Вейл ашты. Пленарлық отырыста кибергигиена, жеке деректерді қорғау, балалардың интернеттегі психологиялық қауіпсіздігі және әлемдік тәжірибелер негізінде цифрлық ортаны реттеу мәселелері қаралды.
Зерттеу нәтижелері балалардың 46 пайызыинтернетке алғаш рет 5–8 жасында шыға бастағанын көрсетсе, тағы 30 пайызы 9–12 жас аралығындақосылған. Балалардың шамамен 40 пайызы интернетті күнделікті оқу мақсатында қолданады. Респонденттердің 21 пайызы кибербуллингке тап болғанын айтса, 15 пайызы психологиялық дискомфорт тудыратын контентке жиі кезігетінін мәлімдеген. 7 пайыз бала сексуалдық сипаттағы фото немесе видео алғанын, 10 пайызы ересек бейтаныс адамдармен интернет арқылы сөйлескенін көрсеткен. Сонымен қатар 3 пайызы ақша немесе сыйлық үшін интимдік ұсыныстар алғанын айтып, ал 21 пайызы желіде танысқан адаммен кездесуге ниетті болғанын, бірақ бұл туралы ешкімге айтпағанын көрсеткен.
Дөңгелек үстелге қатысқандардың қатарында қоғам белсендісі Аружан Саин, Kaspersky зертханасының сарапшысы Асет Ордабаев, «ҰАТ» АҚ Астанадағы өкілдігінің директоры Василий Герко, ІІМ өкілі Аслан Үскембаев, ЮНИСЕФ маманы Құндыз Тұрабай, «Бөбек» Орталығының Бас директоры Касенова Гүлнар және басқа да сала мамандары болды.
Василий Герко өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қоғам үшін аса қауіптібес негізгі қатерді атағанын еске салды: лудомания, нашақорлық, жастар қылмысы, ақпараттық шабуылдар және моральдық құндылықтардың жоғалуы. Оның айтуынша, бұл қауіптердің ең осалнысанасы – балалар.
Жиын қорытындысында сарапшылар ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, ата-аналармен және балалармен жүйелі ақпараттық жұмыс жүргізу, сондай-ақ заңнамалық және білімберу реформаларын іске асыру қажет екенін атапөтті. Мұның барлығы — қауіпсіз әрі этикалық цифрлық орта құру үшін маңызды қадамдар.