Басты бетПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған конференцияда сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған конференцияда сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған конференцияда сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған конференцияда сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған конференцияда сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған конференцияда сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған конференцияда сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған конференцияда сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Конституция және мемлекеттік құрылым: құқық пен болашақтың диалогы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Мемлекет басшысы қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде еліміздің Негізгі заңының қалыптасу кезеңдеріне тоқталды:

 

«1993 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Негізгі заңы қабылданды. Ол біздің конституциялық құрылысымызды айқындады. Алайда көп ұзамай өзгерген шындыққа сай жаңа Конституция қажет екені анықталды. Осыған байланысты белгілі отандық заңгерлерден құралған арнайы кеңес құрылды. Бұл маңызды іске шетелдік сарапшылар да тартылды. Негізгі заң жобасын талқылауға миллиондаған азамат қатысып, мыңдаған ұсыныс білдірді.

Конституция туралы айтқанда, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегін атап өту маңызды. Мемлекет басшысы ретінде ол Конституцияны қабылдау үдерісінде шешуші рөл атқарды», — деді Тоқаев.

Конференцияда сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Әзімова, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Сарангоо Раднаарагчаа, Қазақстан Республикасының Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева, сондай-ақ БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі, Өзбекстанның Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының директоры Ақмал Саидов сөз сөйледі.

Конференция жұмысына Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан да қатысты.

Іс-шара аясында мемлекеттік наградалар табысталды. Президент Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат мемлекеттік марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, Парламентаризм институтының нормашығармашылық жөніндегі атқарушы директоры Алмас Қанатов «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды.