









Бүгін ПІБ қарасты Парламентаризм институтында «Заң шығармашылығы қызметі: мемлекеттік тілді қолданудың және әдістемелік қамтамасыз етудіңөзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – заң шығару процесіндемемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту және құқықтық-әдістемелік тетіктерді жетілдіру.
Парламентаризм институты директорының орынбасары Ләззат Сүлеймен өз сөзінде мемлекеттік тілдің заң шығару саласындағы орнына тоқталды:
«Парламентаризм институтының негізгі міндеттерінің бірі – заң жобаларын жетілдірубойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу. Ал мемлекеттік тілді заң шығару қызметінде қолдану – құқықтық дамудың маңызды бағыты. Мемлекеттіктілдің мәртебесі заң жүзінде бекітілгенімен, ісжүзінде оның қолданысы әлі де жеткіліксіз», – дедіол.
Дөңгелек үстелге ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ғалиасқар Сарыбаев, Жанна Асанова, Бибігүл Жексенбай, сондай-ақ Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тлешев, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, профессор Шерубай Құрманбайұлы, заң ғылымдарының кандидаты Болат Сыздық, «Тіл-Қазына» орталығының өкілі
Айгерім Серікжанова, Ұлттық тестілеу орталығының басқарма басшысы Гүлнұр Ерсұлтанова, Назарбаев университетінің профессоры Айгүл Ісімақова және Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы Ұлмекен Искендірова қатысты.
Лингвистика орталығының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты Болат Сыздық заңжобаларына жүргізілетін ғылыми-лингвистикалық сараптаманың маңыздылығын атап өтті.
«Ғылыми сараптама заң мәтіндерінің тілдік, терминологиялық және стилистикалық тұрғыдандұрыстығын қамтамасыз етеді. Бұл құқықтықнормалардың түсініктілігі мен бірізділігінарттырады. Сараптама қорытындыларын тиімдіпайдалану үшін оны заң шығару процесінің міндеттікезеңіне айналдыру қажет», – деді ол.
Шара барысында шетелдік қатысушылар да мемлекеттік тілдің қолданысына қатысты пікірбілдірді. Invest Decision консалтингтіккомпаниясының президенті Джоэл Уитни
Адамсон қазақ тілін меңгерудің маңызын ерекше атап өтті:
«Мен Лос-Анджелесте туып-өстім, бірақ қазақ тілінүйрену мен үшін өте маңызды. Қазақстан тәуелсіздігін алғанына 35 жыл өтті — бұлмемлекеттік тілді еркін меңгеруге жеткілікті уақыт. Алайда көптеген азаматтар әлі де қазақ тілінде еркінсөйлей алмайды. Астанада үш жылдан бері жұмысі стеймін, осы уақытта көптеген жиналыстардың орыстілінде өтетінін байқадым. Қазақша сөйлеуді ұсынсақта, көпшілік орысша жалғастырады. Бұл жағдайдытүбегейлі өзгерту қажет», – деді ол.
Филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Шерубай Құрманбайұлы заңмәтіндерінің тілдік сапасына назар аударып, олардыңқазақ тіліне аударылып жазылу тәжірибесін сынғаалды.
«Заң мәтіндерінің көпшілігі алдымен орыс тіліндежазылып, кейін қазақ тіліне аударылады. Соныңсалдарынан сөйлем құрылымы күрделі, тілі ауыржәне түсініксіз болып кетеді. Қазақтілді оқырманүшін мұндай мәтінді қабылдау қиын», – деді ол.
Ғалымның пікірінше, бұл мәселенің түпкі шешімі – барлық заң жобаларының бастапқы нұсқасынмемлекеттік тілде дайындау.
«Қазақстан Республикасының барлық заңдарыалдымен мемлекеттік тілде әзірленіп, содан кейінғана өзге тілдерге аударылуы тиіс», – деп түйіндедіШерубай Құрманбайұлы.
Кездесу соңында қатысушылар заңшығармашылығындағы тіл мәдениетін арттыру, құқықтық терминологияны жетілдіру жәнемемлекеттік тіл саясатын іске асыру тетіктерінкүшейту жөнінде ұсыныстар қабылдады.