Басты бетПарламентаризм институтында жаңа заң жобасы талқыланды

Парламентаризм институтында жаңа заң жобасы талқыланды

Парламентаризм институтында жаңа заң жобасы талқыланды Парламентаризм институтында жаңа заң жобасы талқыланды Парламентаризм институтында жаңа заң жобасы талқыланды Парламентаризм институтында жаңа заң жобасы талқыланды

2025 жылғы 16 қыркүйекте ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтында «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» заң жобасы кеңінен талқыланды. Кездесуге Мәжіліс депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты директорының орынбасары Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген бұл құжаттың басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, балалар мен әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықтық мәдениетті арттыру екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ҚР Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Снежанна Валерьевна Имашева заң жобасының маңыздылығын атап өтті. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Казимирович Милюк құқық қорғау тетіктеріне назар аударды. Адвокат, құқық қорғаушы, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, төрағаның орынбасары Айман Мұратқызы Омарова тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау тәжірибесіне тоқталды. Сонымен қатар, «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларына қатысты ойын білдірді. «MNU Университеті» акционерлік қоғамының қауымдастырылған профессоры, құқықтық мәселелер жөніндегі халықаралық сарапшысы Хасенов Мүслім Ханатұлы жаңа заң жобасына қатысты ойын ортаға салды. Парламентаризм институтының Сот жүйесі және құқық қорғау орталығының бас маманы Алмагүл Рашитқызы Хасенова сараптамалық пікір білдірді.

Заң жобасы қолданыстағы бес заңды, оның ішінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңды біріктіреді. Жаңа нормалардың ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық құқық бұзушылық ретінде тану, балаларға қатысты барлық зорлық-зомбылық түрлеріне жауапкершілікті күшейту және алдын алу шараларының тұтас жүйесін енгізу көзделген.

Осыған орай, Ұлттық комиссия мүшелері жаңа заң жобасында 2009 жылғы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заң нормаларының ескерілуі мен іске асырылуына қатысты мәселені көтерді.

Талқылауға қатысушылар заң жобасы қабылданған жағдайда құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында пәрменді құқықтық база қалыптасатынына сенім білдірді. Олар сондай-ақ, бұл бастама қоғамдағы гендерлік теңдікті нығайтып, отбасылық құндылықтарды қорғауға зор үлес қосатынын атап өтті.