Басты бетПарламентаризм институтында контрафактты өнімдер мен балаларды қорғау мәселесі талқыланды

Парламентаризм институтында контрафактты өнімдер мен балаларды қорғау мәселесі талқыланды

Парламентаризм институтында контрафактты өнімдер мен балаларды қорғау мәселесі талқыланды Парламентаризм институтында контрафактты өнімдер мен балаларды қорғау мәселесі талқыланды Парламентаризм институтында контрафактты өнімдер мен балаларды қорғау мәселесі талқыланды Парламентаризм институтында контрафактты өнімдер мен балаларды қорғау мәселесі талқыланды Парламентаризм институтында контрафактты өнімдер мен балаларды қорғау мәселесі талқыланды Парламентаризм институтында контрафактты өнімдер мен балаларды қорғау мәселесі талқыланды Парламентаризм институтында контрафактты өнімдер мен балаларды қорғау мәселесі талқыланды Парламентаризм институтында контрафактты өнімдер мен балаларды қорғау мәселесі талқыланды Парламентаризм институтында контрафактты өнімдер мен балаларды қорғау мәселесі талқыланды Парламентаризм институтында контрафактты өнімдер мен балаларды қорғау мәселесі талқыланды Парламентаризм институтында контрафактты өнімдер мен балаларды қорғау мәселесі талқыланды Парламентаризм институтында контрафактты өнімдер мен балаларды қорғау мәселесі талқыланды Парламентаризм институтында контрафактты өнімдер мен балаларды қорғау мәселесі талқыланды

Бүгін ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтында «Уды тоқтайық – Қауіпсіз балалық шақ: тұтыну сапасын бақылау және контрафактіден қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны ұйымдастыруға Парламентаризм институты мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері ұйытқы болды.

Дөңгелек үстелге Қазақстандағы мемлекеттік органдар, ұлттық комиссия мүшелері, ата-аналар қауымы, бизнес өкілдері, сарапшылар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел балаларға арналған қауіпті, контрафактты және сертификатталмаған өнімдерге қатысты мәселелерді талқылауға арналды.

Іс-шараны Парламентаризм институты директорының орынбасары Ләззәт Сүлеймен Жаңылысқызы ашты. Ол балалардың денсаулығына қауіп төндіретін өнімдер мәселесін, олардың зиянды әдеттерін қалыптастыруын және бұл жағдайдың ұлттық қауіпсіздікке әсерін атап өтті:

«Бүгін бізге кешенді жүйе құру қажет: бақылау, алдын алу, ағарту және экономикалық шараларды біріктіру – біздің міндетіміз», – деді ол.

Сенат депутаты Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы балалардың қауіпсіздігі мен сапалы өнімге қол жеткізу мәселесінің маңыздылығын атап өтіп, заңнамалық және қоғамдық шараларды күшейту қажеттігін баса айтты.

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тауқызы өз баяндамасында балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мәселесінің маңыздылығына тоқталып, энергетикалық сусындар, фастфуд және құрамында қант, тұз, жасанды қоспалары бар өнімдердің зиянына назар аударды. Ол статистикалық деректерді келтіріп, Қазақстандағы 6–9 жас аралығындағы балалардың 21%-ында артық салмақ немесе семіздік бар екенін, жасөспірімдердің 40%-дан астамы энергетикалық сусындарды тұрақты түрде тұтынып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, өнімдердің арнайы таңбалануы және отандық пайдалы өнімдерді дамыту қажеттігін айтты.

Астана медицина университеті, нутрициология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Тарджибаева Сауле Кенесбековна өз баяндамасында балалардың тамақтануына қатысты алаңдатарлық тендецияларды атап өтті. Оның айтуынша, жалпы ауру көрсеткіші 94,8 мыңнан → 96 мыңға дейін өскен, ең көп өскен аурулар — тыныс алу жолдары, ас қорыту жүйесі, жүйке жүйесі, сондай-ақ инфекциялық және паразитарлық аурулар. Сонымен қатар, тәтті сусындарды тұтыну 10,9%-дан → 16,7%-ға өскен, күнделікті тұтыну 11–15 жас аралығындағы жасөспірімдерде 67,8%-ға жеткенін, ал қыздарда – 65,5%, балалардың жасына қарай бұл көрсеткіштің ұлғайғанын айтты. Төменгі деңгейде көкөніс пен жеміс тұтыну, рациондағы қант артықшылығы балалардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.

«TechnoWomen» ұйымының төрайымы Азиза Шужеева өз сөзінде дүкендерде ашық әрі бақылаусыз сатылатын зиянды өнімдердің балалар үшін оңай қолжетімді екенін айтты. Ол өткен жылы осындай өнімдерді қолдану нәтижесінде 24 баланың ауруханаға түскенін жеткізді. Шужеева аталған тәуекелдің алдын алу мақсатында мұндай өнімдерді міндетті түрде маркировкалауды енгізу қажет екенін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында балаларға арналған тағамдық өнімдердің қауіптері, энергетикалық және тәтті сусындардың жасөспірімдерге әсері, ғылыми зерттеулер, контрафактты және қауіпті өнімдерге мониторинг жүргізу, сандық маркировка арқылы бақылау, ата-аналардың көзқарасы сияқты тақырыптар қаралды.

Іс-шараға сонымен бірге, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Балаларды қорғау комитетінің төрағасының орынбасары Жомарт Петрович Карамбаев, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Абдыкадыровна Назарова және Гигиена және денсаулық сақтау департаментінің директоры Жанар Сапаргалеевна Тюлюбаева қатысты. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, нақты ұсыныстар жасап, қоғамдық ақпараттық науқан – «Уды тоқтатайық!» бастамасын іске қосу жоспарларын талқылады.

Іс-шара соңында балаларды қорғау, құқықтық бақылауды күшейту және білім беру іс-шараларын жүргізу жөніндегі ұсыныстар қабылданып, олардың іске асуын қамтамасыз ету бойынша міндеттер белгіленді.