Астанада Парламенттік реформалар бойынша Жұмыс тобының кезекті отырысы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің төрағалығымен өтті. Кездесу барысында Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан азаматтар мен сарапшылардың ұсыныстарына сүйеніп әзірленген аналитикалық есеппен шықты.
Наталья Пан сөзінде азаматтар, сарапшылар және қоғамдық ұйымдардың пікірлері мен бастамаларын жүйелеп, талқылауға ұсынылды. Есеп қоғамның негізгі сұраныстарын анықтауға және реформаның ең өзекті бағыттарын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.
Отырыстың басты тақырыбы – болашақ бірпалаталы парламент моделін қалыптастыру. Қатысушылар жұмыс тобы мүшелерінің бастамаларын, сондай-ақ e-Otinish пен e-Gov платформалары арқылы түскен азаматтық өтініштерді талқылады.
Талқылауда депутаттарға қойылатын біліктілік талаптары, олардың сайлану тәртібі, палатаның оңтайлы көлемі, квоталау мәселелері және болашақ заң шығарушы органның өкілеттік мерзімдері басты назарда болды.
Отырыстың қорытындысында қатысушылар барлық ұсыныстарды жинақтап, оларды егжей-тегжейлі талдауды шешті. Парламенттік реформаның негізгі тәсілдерін қалыптастыру жұмысы келесі Жұмыс тобы отырыстарында жалғасады.