Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНА – БЕС ЖЫЛ: МӘЖІЛІС ҚАБЫРҒАСЫНДА ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

19 желтоқсанда Астанада Парламентаризм институтының құрылғанына бес жыл толуына орай Еуразиялық форум өтті. Мерейтойлық іс-шара Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында ұйымдастырылып, Қазақстаннан, Орталық Азия елдерінен, Ресей мен Беларусьтен келген жетекші сарапшыларды біріктірді.


Форумның негізгі тақырыбы парламентаризмді дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылауға арналды: «Парламентаризм: құқықтық негіз, даму жолы және болашаққа көзқарас».


Форумды Парламентаризм институтының директоры Наталья Виссарионовна Пан ашты. Ол өз сөзінде Еуразия өңірі мемлекеттері үшін парламентаризм тақырыбының бүгінгі таңда ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі мемлекеттер жария билік жүйесінің терең трансформациясын бастан өткеруде: демократиялық институттар нығайып, қоғам тарапынан мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігіне деген сұраныс артып келеді. Осындай жағдайда өкілді биліктің негізгі институты ретінде парламент қоғамның үміті мен талаптарына сай болуы тиіс. Президент атап өткендей, стратегиялық мақсат – білікті әрі тәжірибелі мамандар жұмыс істейтін кәсіби Парламент қалыптастыру. Форумның басты міндеттерінің бірі – өзгермелі саяси-құқықтық шынайылық жағдайында парламентаризмнің болашағы жөнінде тұтас көзқарас қалыптастыру болды.


Форум қатысушыларына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Мадиевна Еспаева, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Қажманұлы Асанов, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Маратович Нұрмұханов, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Иванович Рогов құттықтау сөз сөйледі.

Форумның мазмұнды күн тәртібі үш негізгі бағыт бойынша құрылды: парламент қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері, жүргізіліп жатқан реформалар жағдайындағы парламенттік институттардың эволюциясы, сондай-ақ жаһандық сын-қатерлерді, цифрландыруды және қоғамның басқару үдерістеріне қатысуға деген сұранысының артуын ескере отырып, парламентаризмді дамытудың перспективалары.


Жақып Асанов Сенат Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың алғыс хатын оқып берді. Онда Парламентаризм институтының заң шығару қызметін дамытудағы және елдің парламенттік жүйесін институционалдық тұрғыдан нығайтудағы маңызды рөлі ерекше атап өтілді.


Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дания Еспаева Мәжіліс Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың құттықтау хатын жеткізді. Онда Қазақстан тәуелсіздігінің отыз жылы ішінде Парламенттің қалыптасу мен нығаюдың өзіндік жолынан өткендігі және мемлекеттік биліктің негізгі институттарының біріне айналғаны айтылды. Конституциялық реформалардың әр кезеңі парламентаризмді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашты, ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есепті Үкімет» формуласы заң шығарушы билікті күшейтуге тың серпін берді.

Форум аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Бақытжанұлы Кариннің алғыс хаты да жарияланды. Онда Парламентаризм институтының парламенттік зерттеулерді дамытуға және мемлекеттік басқару саласындағы реформаларды қолдауға қосқан жоғары кәсіби үлесі атап өтілді.

Форумға қатысушылар бес жыл ішінде Парламентаризм институтының ғылым, заң шығару және мемлекеттік саясат тоғысында жүйелі түрде жұмыс істейтін беделді әрі орнықты сараптамалық-талдамалық алаң ретінде қалыптасқанын атап өтті.


Форум барысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов өз бағалары мен сараптамалық пікірлерін ортаға салды.

Алғашқы бағдарламалық баяндамамен Институт директоры Наталья Пан сөз сөйлеп, Қазақстандағы парламенттік реформаның басым бағыттарын айқындады. Ал мемлекетті жаңғырту үдерісіндегі қазақстандық Парламенттің рөлі мен орны туралы NARXOZ университеті жанындағы Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер институтының Конституциялық экономика орталығының жетекшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Виктор Малиновский баяндады.


Парламенттер қызметіндегі демократия, гендерлік теңгерім және инклюзивтілік мәселелеріне Б. Осмонов атындағы Жалал-Абад мемлекеттік университетінің азаматтық құқық және адвокатура кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Күндуз Сабырова тоқталды. Ол өз сөзінде әйелдердің парламент жұмысына қатысуы формалды сипатта болған жағдайда, мұндай парламент қоғамның елеулі бөлігінің көз алдында легитимдігін жоғалтатынын, ал әйелдердің нақты әрі мазмұнды қатысуы билік институттарына деген сенімді арттыратынын атап өтті.


Парламентаралық ынтымақтастық тақырыбына Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ақпараттық саясат және кешенді қауіпсіздік департаментінің жетекші кеңесшісі Исмаил Лукмановтың баяндамасы арналды. Ол аталған институттардың құқықтық негіздері мен практикалық тиімділігін талдады.


Өзбекстан Республикасындағы Парламенттік зерттеулер институтының қазіргі парламентаризмді дамытуға қосып отырған миссиясы, трансформациясы мен үлесі туралы Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Заң шығару палатасы жанындағы Парламенттік зерттеулер институтының сот-құқықтық саладағы зерттеулер бөлімінің басшысы, PhD, Дмитрий Рахманов баяндады. Ол соңғы жылдары Өзбекстанда парламенттің рөлін күшейтуге және заң шығару қызметінің сапасын арттыруға бағытталған ауқымды конституциялық және институционалдық реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.


Беларусь Республикасының тәжірибесін Беларусь мемлекеттік университетінің конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі, Беларусь ҰҒА корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Григорий Василевич таныстырып, өкілді билікті ұйымдастыру жүйесін жаңғыртудың ерекшеліктеріне тоқталды.


Тәжікстандағы парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуы туралы Тәжік ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Убайдулло Азиззода баяндады. Оның айтуынша, елдегі парламентаризм эволюциясы посткеңестік мемлекеттіліктің күрделі трансформациялық жолын көрсетеді, бұл үдерісте саяси дағдарыстар еңсеріліп, жария биліктің ұлттық үлгісі қалыптасты.


Форум аясында сондай-ақ Новосибирск мемлекеттік экономика және басқару университетінің («НИНХ») заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Андрей Макарцевтің Ресей парламентаризмінің ХХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басындағы дамуына арналған баяндамасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Абдрасуловтың Қазақстандағы билік тармақтарының бөліну қағидатына арналған баяндамасы, сондай-ақ Каспий университеті «Әділет» Жоғары құқық мектебінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Алипаша Қараевтың парламенттік бақылау нысандарын жетілдіру мәселелері жөніндегі баяндамасы тыңдалды.


Форумға қатысушылар Парламентаризм институтының мемлекеттік реформаларға қосқан практикалық үлесін де ерекше атап өтті. 2022 жылы Институт өкілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу бойынша Жұмыс тобының құрамына енді. Ал биыл Институт парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының құрамында жұмысын жалғастырып, бірпалаталы парламентке көшу, парламенттік рәсімдерді жаңғырту және заң шығару үдерісінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындауға қатысуда.