Басты бетЖұмыс тобының отырысында Наталья Пан азаматтардың Парламент реформасына қатысты ұсыныстарын ұсынды

Жұмыс тобының отырысында Наталья Пан азаматтардың Парламент реформасына қатысты ұсыныстарын ұсынды

Жұмыс тобының отырысында Наталья Пан азаматтардың Парламент реформасына қатысты ұсыныстарын ұсынды Жұмыс тобының отырысында Наталья Пан азаматтардың Парламент реформасына қатысты ұсыныстарын ұсынды

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламент реформасы жөніндегі Жұмыс тобының үшінші отырысы өтті.

Кездесу барысында Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан Парламенттің заң шығару қызметін жетілдіруге бағытталған азаматтар мен сарапшылардың ұсыныстары туралы баяндама жасады.

Ерлан Қарин Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Парламент реформасы елде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси жаңғырудың заңды жалғасы екенін атап өтті. Оның айтуынша, реформаның басты мақсаты – заң шығару үдерісінің тиімділігі мен сапасын арттыру.

Парламентаризм институтының директоры Наталья Панның сөзінше, азаматтардың Парламент реформасына деген қызығушылығы артып келеді.

«Біз e-Otinish платформасындағы “Парламент реформасы” бөліміне келіп түскен өтініштердің оң динамикасын байқап отырмыз. Бүгінгі таңда 400-ден астам бастама тіркелген. Ең маңыздысы – олардың көпшілігі Парламенттің заң шығару қызметін жетілдіруге және заң шығару рәсімдерінің ашықтығын арттыруға бағытталған», – деді Наталья Пан.

Жұмыс тобы төрағасының орынбасары Ержан Жиенбаев келіп түскен ұсыныстар негізінде заң шығару үдерісін жаңғыртудың негізгі тәсілдерін таныстырды. Сондай-ақ, жұмыс тобының мүшелері заң шығару қызметін ұйымдастыру мен қабылданатын заңдардың сапасын арттыру жөніндегі өз ойларымен бөлісті.

Отырыстың қатысушылары Парламент реформасының елдің саяси жаңғыруындағы маңызды кезең екенін атап өтіп, оның заң шығарушы биліктің рөлін күшейтіп, кәсіби парламентаризмді дамытуға бағытталғанын айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша Ерлан Қарин барлық ұсыныстарды жинақтап, талдау жүргізуді тапсырды. Парламент жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс алдағы отырыстарда жалғасатын болады.