Басты бетАСТАНАДА ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ТӨРТІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

АСТАНАДА ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ТӨРТІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

АСТАНАДА ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ТӨРТІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

2026 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің төрағалығымен Парламенттік реформа мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының кезекті отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде болашақ бірпалаталы Парламенттің атауы мен өкілеттіктерін талқылау жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін өткен отырыстарда депутаттарға қойылатын біліктілік талаптары, оларды сайлау тәртібі, квоталау мәселелері, сондай-ақ болашақ бірпалаталы Парламенттің заң шығару қызметінің негізгі қырлары қаралған болатын.