Басты бетПарламентаризм институты мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы заң шығаруда жаңа стандарт белгілейт...

Парламентаризм институты мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы заң шығаруда жаңа стандарт белгілейтін меморандумға қол қойды

Парламентаризм институты мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы заң шығаруда жаңа стандарт белгілейтін меморандумға қол қойды Парламентаризм институты мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы заң шығаруда жаңа стандарт белгілейтін меморандумға қол қойды Парламентаризм институты мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы заң шығаруда жаңа стандарт белгілейтін меморандумға қол қойды

Санкт-Петербургте Парламентаризм институты мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы арасында заң шығаруды модельдеудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған келісімге қол қойылды. Құжат «Сайлау және референдум институтына сенімді қалыптастыру» халықаралық конференциясы аясында рәсімделді.

Құжатқа ТМД ПА Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий және Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан қол қойды.

Меморандум Парламентаризм институтына модельді заң шығаруда негізгі сараптамалық рөл беріп, парламенттік институттарды жетілдіру, мемлекетаралық құқықтық стандарттарды үйлестіру және халықаралық тәжірибені енгізу бағытында бірлескен жұмысқа мүмкіндік береді.

Құжатқа қол қою қазіргі заманауи парламентаризмнің мықты сараптамалық қолдауға мұқтаж екенін көрсетеді. Біріккен күш-жігер ТМД елдерінде сапалы заңдар жасауға және тұрақты, сенімді құқықтық кеңістік қалыптастыруға жол ашады.