Басты бетЖаңа Конституция – тұрақты дамудың негізі: Астанада реформалар қорытындысы талқыланды

Жаңа Конституция – тұрақты дамудың негізі: Астанада реформалар қорытындысы талқыланды

Жаңа Конституция – тұрақты дамудың негізі: Астанада реформалар қорытындысы талқыланды Жаңа Конституция – тұрақты дамудың негізі: Астанада реформалар қорытындысы талқыланды Жаңа Конституция – тұрақты дамудың негізі: Астанада реформалар қорытындысы талқыланды Жаңа Конституция – тұрақты дамудың негізі: Астанада реформалар қорытындысы талқыланды Жаңа Конституция – тұрақты дамудың негізі: Астанада реформалар қорытындысы талқыланды Жаңа Конституция – тұрақты дамудың негізі: Астанада реформалар қорытындысы талқыланды Жаңа Конституция – тұрақты дамудың негізі: Астанада реформалар қорытындысы талқыланды

18 наурыз күні Астанада ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының алаңында «Жаңа Конституция – тұрақты дамудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Жиынды ашқан Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан референдум қорытындыларын талқылау және оның ел дамуына ықпалын бағалау бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, конституциялық реформаның басты нәтижелерінің бірі – мемлекеттік билік жүйесінің институционалдық жаңаруы.

Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев жаңа Конституцияны мемлекет пен қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі деп атады. Оның сөзінше, республика бойынша 10 401 сайлау учаскесі жұмыс істеп, оның 71-і 54 шет мемлекетте ашылған.

Ал «Қазақстандық қоғамдық даму институты» басқарма төрағасы Жұлдызай Искакова ұсынған деректерге сәйкес, қазақстандықтардың 81,8%-ы референдум туралы хабардар. Алайда олардың жартысына жуығы нақты мәліметті толық білмейді.

Кездесуде қатысушылар Конституцияның жаңартылған нормаларын талқылап, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мен азаматтардың құқықтарын кеңейту мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ қоғамдық қатысудың маңызы ерекше атап өтілді: eGov және e-Өтініш платформалары арқылы 600-ге жуық ұсыныс түскен.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституцияның елдегі демократиялық институттарды нығайтудағы және тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі стратегиялық маңызын атап өтті.