Басты бетАлматы облысында мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер өткізілді

Алматы облысында мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер өткізілді

Алматы облысында мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер өткізілді Алматы облысында мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер өткізілді Алматы облысында мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер өткізілді Алматы облысында мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер өткізілді Алматы облысында мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер өткізілді Алматы облысында мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер өткізілді

2026 жылғы 9–10 сәуірінде Алматы облысында мәслихат депутаттары мен олардың аппарат қызметкерлеріне арналған екі күндік практикалық тренингтер өткізілді. Іс-шараны Парламентаризм институты, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің бірлесіп ұйымдастырды.

Тренингтің негізгі мақсаттары: тиімді коммуникация мен мемлекеттік қызмет этикасы бойынша құзыреттілікті қалыптастыру, мәслихаттардың нормативтік-құқықтық базасын тереңдетіп игеру, талдау, жергілікті бюджеттерді басқару және шешім қабылдау дағдыларын дамыту.

Қатысушыларға кіріспе сөз сөйлегендер: • Зәуреш Батталова, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті, • Ляззәт Сүлеймен, Парламентаризм институты директорының орынбасары, • Байгожаев Қуат, Алматы облыстық мәслихатының төрағасы, • Елші Алексей Рогов, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы. Сөз сөйлегендер депутаттық корпустың кәсіби деңгейін арттырудың және Алматы облысы мәслихаттарының тиімді жұмысына арналған заманауи тәсілдерді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Бірінші күн сайлаушылармен өзара іс-қимыл, цифрлық ашықтық құралдары және депутаттық қызметтің этикалық стандарттары мәселелеріне арналды. Парламентаризм институтының қызметкерлері дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді: • М. Қабылбаева — жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамаға шолу және кейстерді талдау бойынша практикалық жұмыс: азаматтардың шағымдары, жергілікті маңызы бар мәселелер, инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі сұраныстар. Жұмыс топтарының әрқайсысы мәслихат шешімдерінің жобаларын ұсынды; • А. Нұғманова — жасанды интеллект: мүмкіндіктер, тәуекелдер және жауапкершілік (ҚР «Жасанды интеллект туралы» Заңы аясында).

Екінші күн бюджеттік бақылау және өңірдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының өзекті мәселелеріне арналды. Қатысушылар нақты бюджеттік есептермен жұмыс жасап, ұсынымдар дайындады және қоғамдық тыңдауларды модельдеді. Мәслихат сессиясын модельдеу форматында депутаттар Алматы облысының ТҮКШ-ның ең өткір мәселелерін — су және жылу желілерінің тозуын, ауылдардағы орталықтандырылған сумен жабдықтаудың жоқтығын, газификацияны, елді мекендердің ішіндегі жол жағдайын, санкциясыз үйінділерді және тарифтердің ашықтығын — талқылады.

Тренинг бағдарламасын Л. Сүлеймен заманауи сайлау жүйелерінің тетіктеріне арналған дәріспен аяқтады. Тренинг бағдарламасы интерактивті форматта ұйымдастырылды: дәрістер шеберлік сабақтарымен, топтық жұмыспен және нақты жағдайларды модельдеумен ұштастырылды. Қатысушылар теориялық білім алумен қатар, мәслихаттардың нақты қызметіне барынша жақын жағдайларда шешім қабылдау бойынша практикалық дағдыларын шыңдады.

Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталып, депутаттық қызметте одан әрі қолдануға арналған практикалық ұсынымдар әзірленді.