Басты бетҚазақстан Республикасы Парламенті кітапханасында «Парламентаризм жаршысы» ғылыми журналының таныс...

Қазақстан Республикасы Парламенті кітапханасында «Парламентаризм жаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті

Қазақстан Республикасы Парламенті кітапханасында «Парламентаризм жаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті Қазақстан Республикасы Парламенті кітапханасында «Парламентаризм жаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті Қазақстан Республикасы Парламенті кітапханасында «Парламентаризм жаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті Қазақстан Республикасы Парламенті кітапханасында «Парламентаризм жаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті Қазақстан Республикасы Парламенті кітапханасында «Парламентаризм жаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті Қазақстан Республикасы Парламенті кітапханасында «Парламентаризм жаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті

2026 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Парламентінің кітапханасында Парламентаризм институтының жаңа ғылыми-талдамалық басылымы – «Парламентаризм жаршысы» ғылыми журналының таныстырылымы өтті. Іс-шара Парламент депутаттарын, мемлекеттік органдардың өкілдерін, ғылыми және сарапшылық қауымдастықты біріктіріп, парламентаризмді дамыту және заң шығару қызметін жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды.

Парламентаризм институтының директоры Н.В. Пан қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде арнайы ғылыми журналдың құрылуы отандық парламенттік ғылым мен сараптамалық аналитиканы дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Ол ғылыми қауымдастықты, тәжірибелі мамандар мен мемлекеттік орган өкілдерін ортақ зияткерлік алаңда біріктірудің маңыздылығына тоқталып, журнал сапалы ғылыми пікірталастың дамуына және заң шығару үдерісін жетілдіруге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар «Парламентаризм жаршысы» журналының алғашқы санына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ж.К. Асановтың, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Д.М. Еспаеваның, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Э.А. Азимованың, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің және Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы А.М. Байменовтың құттықтау жолдаулары келіп түскені айтылды. Сөз соңында Н.В. Пан жаңа басылымға табысты даму, кең оқырман аудиториясы мен ғылыми-сарапшылық ортада жоғары сұраныс тіледі.

Сондай-ақ, құттықтау сөздермен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары Әлинұр Болатұлы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев сөз сөйледі.

Өз сөздерінде спикерлер заң шығару және мемлекеттік басқару саласындағы өзекті сын-қатерлерді талқылау үшін академиялық қауымдастық, мемлекеттік органдар мен тәжірибелі мамандар өкілдерін біріктіретін заманауи ғылыми-сарапшылық платформаны қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Журнал тұжырымдамасының таныстырылымын Ғылыми зерттеулер орталығының басшысы Саулен Нұржан баяндап, басылымның негізгі бағыттары мен ғылыми миссиясын таныстырды. Ғылыми зерттеулер орталығының маманы Әлия Завотпаева қатысушыларды журнал макетімен, ресми сайт құрылымымен және vestnik-parlamentarizma.kz журналы платформасының цифрлық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Пікірталас барысында қатысушылар заң шығару үдерісін жетілдіру, парламенттік зерттеулерді дамыту, құқық шығармашылық қызметінің сапасын арттыру және ғылыми әрі сарапшылық қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты. Арнайы ғылыми журналдың құрылуы отандық парламенттік ғылымды дамыту мен кәсіби сарапшылық ортаны қалыптастырудағы маңызды қадам болатыны атап өтілді.

Таныстырылым қорытындысы бойынша қатысушылар «Парламентаризм жаршысы» мемлекеттік басқару, құқықтық саясат және институционалдық даму мәселелерін талқылауға арналған сұранысқа ие зияткерлік алаңға айналып, парламентаризм мен заң шығармашылығы саласындағы ғылыми әлеуетті нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.