Басты бетШығыс Қазақстан облысында мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер өткізілді

Шығыс Қазақстан облысында мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер өткізілді

Шығыс Қазақстан облысында мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер өткізілді Шығыс Қазақстан облысында мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер өткізілді Шығыс Қазақстан облысында мәслихат депутаттарына арналған екі күндік тренингтер өткізілді

2026 жылғы 11–12 маусымда Шығыс Қазақстан облысында мәслихат депутаттары мен олардың аппарат қызметкерлеріне арналған екі күндік практикалық тренингтер өткізілді. Іс-шараны Парламентаризм институты, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі бірлесіп ұйымдастырды.

Тренингтің негізгі мақсаттары: тиімді коммуникация мен мемлекеттік қызмет этикасы бойынша құзыреттілікті қалыптастыру, мәслихаттардың нормативтік-құқықтық базасын тереңдетіп игеру, талдау, жергілікті бюджеттерді басқару және шешім қабылдау дағдыларын дамыту.

Қатысушыларға кіріспе сөз сөйлегендер: • Зәуреш Батталова, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті, • Ляззат Сүлеймен, Парламентаризм институты директорының орынбасары, • Елші Алексей Рогов, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы (онлайн форматта), • Денис Рыпаков, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы.

Сөз сөйлегендер депутаттық корпустың кәсіби деңгейін арттырудың және Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттарының тиімді жұмысына арналған заманауи тәсілдерді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Бірінші күн бюджеттің ашықтығы мен атқарылуын бақылау, мәслихаттар қызметінің нормативтік-құқықтық реттелуі және мемлекеттік басқарудың цифрлық құралдары мәселелеріне арналды. Қатысушылар бюджеттік процесті, оның атқарылуын бақылау тетіктерін және ашық бюджеттік деректермен жұмысты, сондай-ақ азаматтардың петициялары мен өтініштері бөлігінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ережелерін зерделеді. Парламентаризм институтының қызметкері М. Қабылбаева жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнама бойынша дәріс пен практикалық сабақ өткізді. Қатысушылар топшаларда азаматтардың нақты өтініштерін, жергілікті маңызы бар мәселелерді және инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі сұраныстарды талдап, мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындады және топ жұмысының нәтижелерін таныстырды.

Екінші күн Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының өзекті мәселелеріне арналған мәслихат сессиясын модельдеуден басталды. Депутаттар жылумен жабдықтаудың сенімділігі және жылу желілерінің тозуы, электрмен жабдықтау сапасы, ауылдық елді мекендердің ауыз сумен қамтамасыз етілуі, кәріз және нөсер су жүйелерінің жай-күйі, коммуналдық қазбалардан кейінгі қалалық жолдардың күтімі, көше жарығы, күрделі жөндеу және авариялық тұрғын үйлер, коммуналдық қызметтер тарифтері, көппәтерлі үйлердің энергетикалық тиімділігі, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін ТҮКШ инфрақұрылымының қолжетімділігі және бюджеттік шығыстардың ашықтығы мәселелерін талқылады. Бағдарламаны жалғастыра отырып, Парламентаризм институты директорының орынбасары Л. Сүлеймен заманауи сайлау жүйелерінің тетіктері туралы дәріс оқыды. Парламентаризм институтының қызметкері А. Нұғманова ҚР «Жасанды интеллект туралы» Заңы аясында жасанды интеллектті қолданудың мүмкіндіктері, тәуекелдері мен жауапкершілігі, сондай-ақ депутаттық қызметтегі этикалық стандарттар, мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу тақырыптарында сабақ өткізді.

Тренинг бағдарламасы интерактивті форматта ұйымдастырылды: дәрістер шеберлік сабақтарымен, топтық жұмыспен және нақты жағдайларды модельдеумен ұштастырылды. Қатысушылар теориялық білім алумен қатар, мәслихаттардың нақты қызметіне барынша жақын жағдайларда шешім қабылдау бойынша практикалық дағдыларын шыңдады.

Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталып, депутаттық қызметте одан әрі қолдануға арналған практикалық ұсынымдар әзірленді.