Басты бетЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРН...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ

2026 жылғы 19 маусымда Президенттік орталықта «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: қоғамдық диалог және дамудың құқықтық бағдарлары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Парламентаризм институты ұйымдастырды.

Халықаралық дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі №237 қаулысымен бекітілген «2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 32-тармағын іске асыру аясында өткізілді. Дөңгелек үстелді Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан жүргізді, қатысушыларды Президенттік орталықтың директоры Бақытжан Темірболат құттықтады.

Кіріспе бөлімнен кейін кездесу мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің, сондай-ақ отандық және шетелдік жетекші сарапшылардың баяндамаларын тыңдаумен жалғасты.

Елдің құқықтық даму бағыттарына қатысты өз көзқарасын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарова таныстырды. Талқылауға онлайн форматта Ресей Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) халықаралық құқық факультеті Әкімшілік және қаржы құқығы кафедрасының доценті Олег Шерстобоев қатысты. Шетелдік академиялық қауымдастық атынан Жалал-Абад мемлекеттік университетінің азаматтық құқық және адвокатура кафедрасының профессоры Кундуз Сабырова да қашықтан қосылды. Қазіргі талдамалық зерттеулердің нәтижелері туралы «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Байғалиев баяндама жасады. Ал Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты бөлімінің меңгерушісі Эльмира Қалиева өз сөзінде конституциялық бақылау ерекшеліктері мен азаматтардың өтініштерін құқықтық қамтамасыз ету тетіктеріне тоқталды.

Maqsut Narikbayev University профессоры Индира Әубәкірова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жамаладен Ибрагимов, сондай-ақ онлайн форматта қатысқан М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева реформаның ғылыми-теориялық аспектілері бойынша баяндама жасады. Конституциялық нормаларды іске асырудың практикалық қырларын Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының директоры Толқын Нұрышева, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Дінмұхаммед Ғали, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Нахбаева және «Astana Open Dialogue» ұйымының ұйымдастырушылық даму жөніндегі директоры Камиля Тілеубаева талқылады.

Баяндамалардың негізгі сессиясы аяқталғаннан кейін ашық әрі мазмұнды пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар жаңартылған конституциялық нормаларды іс жүзінде жүзеге асырудың түрлі аспектілері бойынша жан-жақты пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституцияны қолдайтындықтарын білдіріп, оның мемлекеттің одан әрі дамуы, демократиялық институттарды нығайту және азаматтардың маңызды шешімдер қабылдау үдерісіндегі рөлін арттыру тұрғысынан стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.