Басты бет › Құқық бұзушылықтардың алдын алу: заңнаманы жетілдірудегі ғылыми тәсіл

Құқық бұзушылықтардың алдын алу: заңнаманы жетілдірудегі ғылыми тәсіл

Құқық бұзушылықтардың алдын алу: заңнаманы жетілдірудегі ғылыми тәсіл Құқық бұзушылықтардың алдын алу: заңнаманы жетілдірудегі ғылыми тәсіл Құқық бұзушылықтардың алдын алу: заңнаманы жетілдірудегі ғылыми тәсіл Құқық бұзушылықтардың алдын алу: заңнаманы жетілдірудегі ғылыми тәсіл Құқық бұзушылықтардың алдын алу: заңнаманы жетілдірудегі ғылыми тәсіл

  Қазақстанда құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін қалай арттыруға болады және бұл бағытта ғылыми-сараптамалық қызмет қандай рөл атқарады? Осы мәселелер Парламентаризм институтының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кезекті отырысында талқыланды.
2026 жылғы 5 қарашада өткен отырыста Институттың Сот жүйесі және құқық қорғау органдары орталығы қызметкерлерінің бірлескен авторлығымен әзірленген «Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы» тақырыбындағы оқу құралы қаралды.
Кеңес мүшелері оқу құралының өзектілігіне, ғылыми-әдістемелік құндылығы мен практикалық маңызына, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктерін жетілдіру перспективаларына назар аударды.

  Сонымен қатар, отырыс барысында Институттың ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, жүргізіліп жатқан зерттеулердің тиімділігін арттыру және заңнаманы жетілдірудің өзекті бағыттары бойынша ғылыми-сараптамалық жұмысты кеңейту мәселелері талқыланды.
Ғылыми-сараптамалық кеңестің отырысы кәсіби пікір алмасуға және Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытуға бағытталған ғылыми бастамаларды талқылауға арналған алаңға айналды.