МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИНКЛЮЗИВТІ ОРТА МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС КЕҢЕСІ
Құрметті ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылар!
Парламентаризм институты сізді мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауға байланысты заң жобасын әзірлеу кезінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін инклюзивті ортаны қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді сараптамалық талқылауға шақырады.
Заң шығару қызметіне сарапшылардың кең ауқымын тарту - Парламентаризм институты қызметінің маңызды бағыттарының бірі.
Сараптамалық талқылау 2 қарашада сағат 15:30-да онлайн режимінде өтеді.
Сараптамалық талқылауға мына сілтеме бойынша тіркеле аласыз:
https://docs.google.com/forms/d/11UA-uWhZjIlJHkXctuQwX8U8M13Lk2qfdlAmL08-XeA/edit
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНДА «ПАРЛАМЕНТ ЖҰМЫСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТЕДІ
2023 жылғы 24 қазанда сағат 09.30-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында «Парламент жұмысын цифрландыру» тақырыбында семинар өтеді. Парламентті цифрландыруға және заң шығару процесінде жасанды интеллектіні қолдануға арналған семинардың спикерлері Dr. Fotios Fitsilis бастаған Hellenic OCR Team (Грекия) командасының өкілдері.
Hellenic OCR Team (Грекия) - жасанды интеллект саласындағы соңғы технологияларды қолдануға маманданған және Еуропалық парламенттерді цифрландырудағы жетекші ойыншы болып табылатын грек сарапшылар тобы.
Семинардың мақсаты – жасанды интеллект негізінде құралдар мен қызметтердің мүмкіндіктерін Парламент жұмысы мен заң шығаруда көрсету. Семинарға Парламент депутаттары, Парламенттің екі палатасы аппаратының қызметкерлері, Цифрлық даму министрлігі, Әділет министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуға шақырылды.
Семинарды «Парламентаризм институты» РМК және Сенаттың Жобалық кеңсесі ұйымдастырады.