Басты бетБіздің қызметтер

Біздің қызметтер

Парламентаризм институты жарғылық қызметі шеңберінде өз құзыреті саласына қатысты салаларда ынтымақтастық жасауға әзірлігін білдіреді.

Қазіргі уақытта басшылық қызмет түрлерін кеңейтіп және қоғамға ашықтық саясатын жүргізуде. Ағымдағы жылдың сәуір айында Институт ғылыми ұйым ретінде аккредиттеуден өтіп, мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарға қатысу құқығына ие болды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында қайта құрылымдау жүргізілгеннен кейін Институт қызметкерлерінің сапалық құрамы күшейтілді, оның 60%-дан астамы ғылым докторлары мен кандидаттары ғылыми дәрежесіне ие, қызметкерлердің 30%-ы Парламент Мәжілісі мен Сенатындағы жұмыс тәжірибесіне, қалған 10%-ы орталық мемлекеттік органдарда (Бас прокуратура, Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, сот органдары) мол практикалық жұмыс тәжірибесіне ие.

Институт қызметкерлерінің құқықтық ғылым, реттеуші саясат салаларында да, мемлекеттік басқару салаларында да ғылыми-зерттеу және қолданбалы зерттеулер жүргізуде құнды құзыреттері мен дағдылары бар.

Бұл ретте заң шығару және зерттеу қызметінде Институт көрнекі ғалымдармен, зерттеушілермен, сарапшылармен (сараптамалық кеңес, сарапшылық пул) және халықаралық әріптестермен синергетикалық өзара іс-қимылға баса назар аударады.

Бар кадрлық ресурстарды және ақылы қызметтер бойынша шарт негізіндегі мүмкіндіктерді ескере отырып, Институт мынадай қызметтерді көрсете алады:

- Заң жобасына құқықтық қорытынды дайындау;

- Заң жобасын талдамалық сүйемелдеу;

- елдің әлеуметтік-экономикалық өмірі салаларында Заң жобасын әзірлеу;

- реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеу;

- Заң жобасына (РӘТ) реттеушілік әсерге бағалау жүргізу;

- кез келген реттеу саласында Тұжырымдама жобасын әзірлеу;

- стратегиялық құжаттардың жобаларын әзірлеу және сараптау;

- қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге және әзірленген Заң жобаларына түсініктер мен түсіндірулер жазу;

- заңға тәуелді нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу;

- әлеуметтік-экономикалық жағдайға талдамалық шолулар дайындау;

- нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ғылыми-құқықтық сараптама жүргізу;

- әзірленіп жатқан Заң жобаларына ғылыми негіздеме дайындау;

- құқықтық мәселелер бойынша оқыту семинарлары мен онлайн конференциялар өткізу;

- стратегиялық және саяси құжаттардың ережелерін түсіндіру;

- әдістемелік ұсынымдар, монографиялар, мақалалар, кітаптар, зерттеулер, елдік есептер және өзге де қызметтер жазу.

 

Барлық сұрақтар бойынша мында  хабарласуды сұраймыз:

ұялы телефондар: + 7 705 558 07 92; + 7 701 86 111 37,

e-mail  - tulebaeva@umto.kz, sakalova@umto.kz